|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен бұрынғы одақтық республикалар Бұрынғы одақтық республикалар мемлекеттерi салық қызметтерiнiң ынтымақтастығы мен өзара көмегi үшiн құқықтық негiздер жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Сыртқы iстер министрлігінiң және Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң қатысуымен Қазақстан Республикасының басқа да мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарын тарта отырып, КСРО-ның бұрынғы одақтық республикалары мемлекеттерiнiң салық қызметтерiмен салық заңдарын сақтау мәселелерi бойынша ынтымақтастық пен өзара көмек туралы келісімдер жасасу туралы келiссөздер жүргiзу және уағдаластыққа қол жеткiзiлгеннен кейiн аталған келісімдерге Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қою тапсырылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |