|
|
|
"Достық" мейманханасы" акционерлік қоғамының қызметiн реформалау "Достық" мейманханасы" акционерлік қоғамының қызметiн реформалау, шет елдерден инвестициялардың түсуiн қамтамасыз ету, әлемдiк стандарттар деңгейiнде клиенттерге қызмет көрсету мен басқаруды ұйымдастыру, сондай-ақ республикалық бюджетке қаржы түсiмдерiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының "Достық" мейманханасы" акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетiнiң 55 процентiн "K.Y.S. Лимитед" (Лихтенштейн) компаниясына сату туралы ұсынысы қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi және Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі комитетi "Достық" мейманханасы" акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетiнiң 55 процентiн, соның iшiнде 1996 жылдың қаңтарында - 20 процентiн, ақпанында - 20 процентiн, наурызында - 15 процентiн "K.Y.S. Лимитед" компаниясына сатуды жүзеге асырсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |