|
|
|
"Құнарлылық" мемлекеттік акционерлік компаниясын қайта ұйымдастыру Реформаларды жеделдету және дағдарыстан шығу жөніндегі Үкiметтiң iс-қимылдары бағдарламасына сәйкес нарық қатынастарын қалыптастыру, бәсекенi дамыту және жекешелендiру процестерiн тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етедi: 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi: "Құнарлылық" мемлекеттік акционерлік компаниясының "Агрохимсервис" және "Жасыл желектердi қорғау" акционерлік қоғамынан басқа акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакеттерiн, сондай-ақ "Құнарлылық" мемлекеттік акционерлік компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 қыркүйектегi № 859 қаулысына сәйкес оған берiлген мемлекеттік мүлiктi иелену, пайдалану және басқару құқықтарын тоқтатсын; "Агрохимсервис" және "Жасыл желектердi қорғау" акционерлік қоғамдары Қазақстан Республикасы Үкіметінiң айрықша өкімі шығарылғанға дейiн жекешелендiруге жатпайды деп белгiленсiн; "Құнарлылық" акционерлік компаниясымен "Агрохимсервис" және "Жасыл желектердi қорғау" акционерлік қоғамдарының мемлекеттік акциялар пакеттерiн басқаруға шарт жасассын. 2. Қазақстан Республикасы Жекешелендiру жөніндегі комитетi осы компанияның құрамына кiрген акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакеттерiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сатсын. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiмен бiрлесiп, "Құнарлылық" мемлекеттік акционерлік компаниясының құқықтары мен мiндеттемелерi жөнiнде құқықтық мұрагерлерiн айқындасын. 4. "Құнарлылық" мемлекеттік акционерлік компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 қыркүйектегi № 859 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 37, 429-бап) қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |