|
|
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Республикалық Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Республикалық мемлекеттік өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiне Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Республикалық мемлекеттік өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң қоғамдық тамақтандыру еншiлес мемлекеттік кәсiпорнын құруға рұқсат етiлсiн. Еншiлес кәсiпорынның орналасатын жерi Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасының Президентi Резиденциясының үйi деп белгiленсiн. Еншiлес кәсiпорынның қызметiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi мен Премьер-Министрi Кеңсесiнiң қызметкерлерiн қоғамдық тамақтандыруды қамтамасыз ету үшiн пайдаланылатын сауда және технологиялық жабдықтары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Республикалық мемлекеттік өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң балансына берiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Республикалық мемлекеттік өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi белгiленген тәртiппен аталған еншiлес кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |