|
|
|
"Достық" автомодель өткізу пунктiн пайдалануға беру туралы Қазақстан 1. Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң, Талдықорған облысы әкімінiң, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң, Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң 1995 жылдың 20 желтоқсанынан бастап уақытша схема бойынша шектелген тәртiппен (қатынасы екi жақты) "Достық" (Талдықорған облысы) автомобиль өткізу пунктiн пайдалануға беру жөніндегі бастамшылығы мақұлдансын. 2. "Достық" автомобиль өткізу пунктiнiң үйлер кешенi белгiленген тәртiппен "Достық" кеденiнiң балансына берiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Қытай Халық Республикасының Сыртқы iстер министрлігімен "Достық" автомобиль өткізу пунктiн ресми түрде пайдалануға беру туралы ноталар алмастырсын. 4. Талдықорған облысының әкімі Қазақстан Республикасының Кеден комитетiнiң және басқа да мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен бiрлесiп, "Достық" автомобиль өткізу пунктiн пайдалануға беру жөніндегі ресми шаралардың бағдарламасын пысықтасын. 5. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Кеден комитетiне жүктелсiн. Премьер-Министрдiң бiрiншi орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |