|
|
|
«Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Жалпыұлттық қор құру
Тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтiк қолдауды күшейту және «Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Жалпыұлттық қор туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы 3791 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру департаментi он күндiк мерзiм iшiнде: заңдарда белгiленген тәртiппен Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Жалпыұлттық қордың (бұдан әрi - Қор) құрылтайшысы болсын; Қорды Ақмола қаласында үй-жаймен қамтамасыз етсiн. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің алдында Мемлекет басшысының Қордың Қамқоршылық кеңесiн басқаруы туралы өтiнiш жасасын. 3. Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Жалпыұлттық қордың Жарғысы мақұлдансын (қоса берiлiп отыр). 4. Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қордың Үлгi жарғысы бекітілсiн (қоса берiлiп отыр). 5. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi он күндiк мерзiм iшiнде «Зейнеткерлердi және халықтың табысы аз жiктерiн әлеуметтiк қорғау жөніндегі аймақтық қайырымдылық қорларын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 15 шiлдедегi № 1805 Жарлығының негiзiнде құрылған зейнеткерлердi және халықтың табысы аз жiктерiн әлеуметтiк қорғау жөніндегі аймақтық қайырымдылық қорларын олардың қызметiн одан әрi Үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыру арқылы, тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорларға қайта ұйымдастыруды аяқтасын. 6. Ақмола қаласының әкімі екi апталық мерзiм iшiнде Ақмола қаласының тұрмысы төмен азаматтарын қолдау жөнiнде құрылған аймақтық қордың жарғысын тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қордың Үлгi жарғысына сәйкес келтiрудi қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Үкіметінiң 1998 жылғы 22 қаңтардағы № 32 қаулысымен мақұлданған
ТIРКЕЛГЕН Құрылтайшылар жиналысы БЕКIТКЕН 1998 жылғы "___"_________ 1998 жылғы "___"_________ №__________ куәлiк №__________ хаттама Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Жалпыұлттық қордың (қоғамдық Қор нысанындағы) ЖАРҒЫСЫ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Қоғамдық қордың атауы: Орыс тілінде: "Общенациональный фонд по поддержке малообеспеченных граждан" Қазақ тілінде: "Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Жалпыұлттық қор" 1.2. Қоғамдық қордың заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола қаласы, ___________________
ҚОРДЫҢ ЗАҢДЫҚ МӘРТЕБЕСI
2.1. Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Жалпыұлттық қор (бұдан әрi - Қор) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына сәйкес қоғамдық қордың ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған мүшелiгi жоқ дербес, коммерциялық емес ұйым болып табылады. 2.2. Қор Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiнiң мемлекеттік тiркелген сәтiнен бастап заңды тұлға құқығына ие болады. Дербес балансы, банктiк шоттары, өзiнiң атауы жазылған дөңгелек мөрi, мөртаңбалары, бланкiлерi мен эмблемасы бар. 2.3. Қор өзiнiң мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндiрiп алу қолданылуы мүмкiн өзiнiң мүлкiнiң шектерiнде ғана жауапкершiлiкте болады. 2.4. Мемлекет, оның органдары мен ұйымдары Қордың мемлекеттiң, оның органдары мен ұйымдарының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейтiнi секiлдi Қордың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. 2.5. Қордың заңды тұлға құқығындағы бөлiмшелерi Қордың оның заңды тұлға құқығы бар бөлiмшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейтiнi секiлдi Қордың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. 2.6. Қор Құрылтайшыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейтiнi секiлдi Құрылтайшыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. ҚЫЗМЕТIНIҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН НЫСАНАСЫ
3.1. Қор қызметiнiң негiзгi бағыттары мыналар болып табылады: тұрмысы төмен азаматтарға материалдық және қаржы ресурстарын беру; тұрмысы төмен азаматтарға қызмет көрсету (жұмыстар жүргiзу); әлеуметтiк бағдарламаларды iске асыруға жәрдемдесу; тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорлардың қызметiн үйлестiру және бақылау. 3.2. Қор тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтiк қолдауды күшейту және «Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Жалпыұлттық қор құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы № 3791 Жарлығын iске асыру мақсатында құрылады. 3.3. Қор қызметiнiң нысанасы мыналар болып табылады: қаржы қаражатын, сондай-ақ ерiктi қайырмалдықтар мен iзгiлiк көмегi түрiнде берiлетiн басқа да мүлiктi жинақтау; тұрмысы төмен, кедей және қараусыз қалған азаматтарды қолдау жөніндегі бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу; мейлiнше тұрмысы төмен азаматтарға шағын несие беру; Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігімен, барлық деңгейдегi әкiмдермен тұрмысы төмен азаматтарды қолдау мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасау; жалғыз басқа кедейлер мен үйсiз адамдар үшiн қайырымдылық түстiктерiн ұйымдастыру; қаржы қаражатын жинау үшiн қайырымдылық кештерiн және басқа да шараларды ұйымдастыру; тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорлардың қызметiн үйлестiру және бақылау; халықаралық және шетелдiк ұйымдармен, қазақстандық мемлекеттік ұйымдармен және қоғамдық бiрлестiктермен тұрмысы төмен азаматтарды қолдау тұрғысында ынтымақтастықты жүзеге асыру; бизнес-орталықтарды және шағын кәсiпкерлiктiң инкубаторларын, консультациялық, оқу-әдiстемелiк, лизингтiк және шағын кәсiпкерлiк саласындағы өзге де нарықтық инфрақұрылымдарды дамытуға жәрдемдесу; шағын несие берудi ұйымдастыру үшiн тұрмысы төмен азаматтарды кәсiптiк бағдарлау, даярлау және біліктілігiн арттыру жөнiнде жұмыс жүргiзу; тұрмысы төмен азаматтарды қолдау мәселелерi жөнiнде қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейтiн басқа да шараларды жүзеге асыру. 3.4. Қор өз қызметiнiң мақсаттарымен және нысанасымен тiкелей немесе жанама байланысты немесе осындай қызмет мақсаттары мен нысанасына, не ол қатыса алатын кез келген ұйымның мақсаты мен нысанасына қол жеткiзуге жәрдемдесетiн барлық операциялармен және мәмiлелермен айналыса алады. 3.5. Қордың қызмет мерзiмi шектелмейдi.
ҚОРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
4.1. Қор Қазақстан Республикасының заңдарында қоғамдық қорлар үшiн көзделген барлық құқықтарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған Қордың кез келген қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi немесе тиiстi барлық құқықтарға ие. 4.2. Қордың Қазақстанның аумағында және одан тыс жерлерде өкiлдiктер, филиалдар мен басқа да бөлiмшелер құруға құқығы бар. ҚОРДЫҢ МЕНШIГI
5.1. Қор өзiне Құрылтайшылары берген мүлiктiң (жарғы капиталы), ерiктi қайырмалдықтар түрiнде берiлген мүлiктiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алынған басқа да мүлiктiң меншiк иесi болып табылады. 5.2. Қордың жарғы капиталы Құрылтайшылары құрады және ол Қордың меншiгiне iс жүзiнде берiлген (есептелген) сәтке дейiн ғана болады. 5.3. Қордың Құрылтайшыларының жарғы капиталын қоса алғанда, қордың мүлкiне мүлiктiк құқықтары жоқ. ҚОРДЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАРЫ
Қазақстан Акционерлік Халықтық Жинақ Банкi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру департаментi Қордың Құрылтайшылары болып табылады. ҚОРДЫҢ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСI
7.1. Қамқоршылық кеңесi Қордың және тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорлардың жоғары органы болып табылады. 7.2. Қамқоршылық кеңесiнiң құрамы: Қазақстан Республикасының Президентi Қамқоршылық кеңесiнiң төрағасы болып табылады; Қамқоршылық кеңесiнiң жеке құрамы Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен бекітіледi. 7.3. Қамқоршылық кеңесiн шақыру және кворум: Қамқоршылық кеңесiнiң отырыстары қажеттілігiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет шақырылады; Қамқоршылық кеңесiнiң отырыстары егер оларға Қамқоршылық кеңесi мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысса құқықтық өкiлеттi деп саналады; Қамқоршылық кеңесiнiң отырыстарын оның төрағасы немесе орынбасары жүргізедi; Қамқоршылық кеңесi отырысының кезiнде хаттама жүргiзiледi, оған Қамқоршылық кеңесiнiң барлық қатысушы мүшелерi қол қояды. 7.4. Дауыс беру: Қамқоршылық кеңесiнiң әрбiр мүшесi бiр дауысқа ие; Қорды тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы мәселелердi шешу үшiн Қамқоршылық кеңесi мүшелерiнiң бiрауызды шешiм қабылдауы талап етiледi; шешiмдер отырысқа қатысушы Қамқоршылық кеңесi мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады; дауыс беру кезiнде дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешушi болып табылады. 7.5. Қамқоршылық кеңесiнiң осы Жарғының ережелерiне сәйкес, егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған жағдайда мынадай мәселелердi шешуге құқықтық өкiлеттiгi бар: 1) Қордың және тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорлар қызметiнiң нәтижелерi туралы жылдық есептердi және өзге де есептердi қарау және бекіту; 2) Қордың Атқарушы директорын, тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорлардың атқарушы директорларын қызметке тағайындау және қызметтен босату; 3) Қордың төрағасын және Тексеру комиссиясының мүшелерiн сайлау; 4) Қордың аппаратының және тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорлар аппараттарының құрылымын, штат санын, еңбекақы қорын, сондай-ақ Тексеру комиссиялары мүшелерiнiң еңбекақы қорын бекіту; 5) Қордың Жарғысын өзгерту; 6) Қордың және тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорлардың қызметiн тоқтату туралы мәселелердi шешу, тарату комиссиясын тағайындау, тарату балансын бекіту; 7) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да мәселелер. АТҚАРУШЫ ДИРЕКЦИЯ
8.1. Атқарушы дирекция Қордың атқарушы органы болып табылады. 8.2. Осы Жарғының 7-бабында көзделген Қамқоршылық кеңесiнiң құзыретiне кiретiн мәселелердi қоспағанда, Атқарушы дирекция Қордың қызметiне байланысты барлық мәселелердi шешедi, оның iшiнде: 1) кедейлер мен үйсiздерге көмек беру бағдарламаларын iске асыруға қатысады; 2) Қордың және тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорлардың перспективалық және кезектi мiндеттерiн белгiлейдi; 3) Қордың қаржылары мен материалдық құралдарына билiк етедi; 4) Қор қызметiнiң нәтижелерi туралы жылдық есептердi және тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорлар қызметiнiң нәтижелерi туралы жиынтық есептердi әзiрлеп, оларды Қамқоршылық кеңесiнiң бекітуiне ұсынады; 5) өз құзыретiнiң шегiнде Қордың және тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорлардың қызметiне жататын мәселелер бойынша қажеттi ережелер мен нұсқаулықтарды әзiрлейдi және бекiтедi; 6) ұйымдармен Қордың құзыретiне жататын мәселелер бойынша белгiленген тәртiппен ынтымақтастық жасайды; 7) тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорлардың қызметiн үйлестiрудi және олардың қаражатының жұмсалуын бақылауды қоса алғанда, олардың қызметiне ағымдағы бақылауды жүзеге асырады. Қамқоршылық кеңесi өз құзыретiнiң шегіндегі кез келген мәселелердi Атқарушы директордың және/немесе сарапшылар тобының және/немесе Қордың басқа да лауазымды адамдарының шешуi үшiн беруге құқылы. 8.3. Атқарушы дирекцияны Қордың құрылтай отырысында бес жыл мерзiмге тағайындалатын Атқарушы директор басқарады. Атқарушы директорды жаңа мерзiмге қайта тағайындау немесе жаңа Атқарушы директорды тағайындалуы осы Жарғының ережелерiне сәйкес Қамқоршылық кеңесi жүзеге асырады. 8.4. Қордың Атқарушы директоры: 1) арнайы сенiмхатсыз Қордың атынан iс-қимыл жасайды, барлық отандық және шетелдiк органдар мен ұйымдарда оның мүдделерiн бiлдiредi; 2) Қордың мүлкi мен қаражатына билiк етедi, шаруашылық шарттарын жасайды, сенiмхаттар бередi, банктерде есеп айырысу шоттарын және өзге де шоттар ашады, штат кестесiн бекiтедi, бұйрықтар шығарады; 3) шаруашылық қызметiнiң бағыттары бойынша еңбек шарттары мен келісім-шарттарын жасайды; 4) Қордың қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де өкiлеттiктердi орындайды. ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ
9.1. Тексеру комиссиясы Қордың бақылаушы органы болып табылады, ол: 1) Қордың және тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорлар атқарушы дирекцияларының қаржы және шаруашылық қызметiн бақылайды; 2) материалдық құндылықтардың жай-күйiне және есебiне тексеру жүргiзедi; 3) Қордың және тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорлардың атқарушы органдарындағы iстердiң жүру барысы мен қаралуының мерзiмi мен дұрыстығын, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiмен олардың жұмысының жай-күйiн тексередi; 4) Қордың қызметiне байланысты мәселелер бойынша бақылаушы органдарға әдiстемелiк көмек көрсетедi; 5) Қордың Қамқоршылық кеңесiне жүргiзiлген тексерiстердiң нәтижелерiн табыс етедi. 9.3. Тексеру комиссиясы бес мүшеден тұрады. 9.4. Тексеру комиссиясының отырыстары қажеттілігiне қарай, бiрақ жылына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Тексеру комиссиясының отырыстары, егер оған мүшелерiнiң кемiнде төртеуi қатысатын болса, құқықтық күшi бар. 9.5. Тексеру комиссиясының отырыстарын Төраға жүргiзедi. 9.6. Тексеру комиссиясы отырыстарының кезiнде хаттама жүргiзiледi, оған отырысқа қатысушы Тексеру комиссиясының барлық мүшелерi қол қояды. 9.7. Тексеру комиссиясының шешiмдерi жай көпшiлiк дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Тексеру комиссиясының әрбiр мүшесi бiр дауысқа ие. Егер дауыс беру кезiнде дауыстар тең болған жағдайда Тексеру комиссиясы төрағасының дауысы шешушi болып табылады. ҚОРДЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРI, ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТI
10.1. Қордың қызметкерлерi конкурстық-шарттық негiзде қалыптасады. Қордың қызметкерлерiн жалдау және жұмыстан босату, еңбекақы төлеу және материалдық ынталандыру нысандары мен оның мөлшерлерi мәселелерiн Атқарушы дирекция шешедi. Қор жекелеген мiндеттердi орындау үшiн штаттан тыс қызметкерлердi, сарапшылар мен мамандарды тартуға, сондай-ақ уақытша шығармашылық ұжымдарын құруға құқылы. Мұндай адамдардың еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте жүргiзiледi. 10.2. Қордың мақсаттарына жету және Қордың қызметiнiң нысанасын қамтамасыз ету үшiн Қор Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаржы-шаруашылық қызметiн жүзеге асырады. ҚАРЖЫ ЖЫЛЫ, ЕСЕП ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУ
11.1. Қордың қаржы жылы Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, қызметiнiң бiрiншi жылы Қорды тiркеу күнiнен басталып, осы жылдың отыз бiрiншi желтоқсанында аяқталатынын қоспағанда, әрбiр күнтiзбелiк жылдың бiрiншi қаңтарынан басталады және отыз бiрiншi желтоқсанында аяқталады. 11.2. Қордың есеп және есеп беруi Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жүргiзiледi. 11.3. Қор өзiнiң мүлкiн пайдалану туралы есептi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жариялайды. ҚОРДЫҢ ҚЫЗМЕТIН ТОҚТАТУ
12.1. Қордың қызметi Қамқоршылық кеңесiнiң шешiмi бойынша немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзгеде жағдайларда тоқтатылады. Мұндай тоқтату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта ұйымдастыру (қосу, қосылу, қайта құру және т.б.) немесе тарату жолымен жүргiзiледi. 12.2. Қорды таратуды Қамқоршылық кеңесi тағайындайтын тарату комиссиясы немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот жүргiзедi. 12.3. Тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап Қордың iстерiн басқару жөніндегі өкiлеттiктер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тарату комиссиясына көшедi. Тарату комиссиясы қордың мүлкiн бағалайды, несие берушiлердi анықтайды және олармен есеп айырысады. Қордың үшiншi тұлғалардың алдындағы борыштарын төлеуге шаралар қолданады, тарату балансын жасайды және оны бекітуге Қамқоршылық кеңесiне немесе, соттың шешiмi бойынша таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттік органына табыс етедi. 12.4. Қорды таратқан соң, қалған мүлiк Жарғыда көзделген мақсаттарға жолданады. Атқарушы директор
Үкіметінiң 1998 жылғы 22 қаңтардағы № 32 қаулысымен бекітілген
ТIРКЕЛГЕН Құрылтайшылар жиналысы БЕКIТКЕН 1998 жылғы "___"_________ (1998 жылғы "___"_________ №__________ куәлiк №__________ хаттама) Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қордың (қоғамдық Қор нысанындағы) ҮЛГI ЖАРҒЫСЫ
1-бап ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1. Қоғамдық қордың атауы: Орыс тілінде: "Фонд по поддержке малообеспеченных граждан" Қазақ тілінде: "Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі қор" 1.2. Қоғамдық қордың заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола қаласы, ___________________ 2-бап ҚОРДЫҢ ЗАҢДЫҚ МӘРТЕБЕСI 2.1. Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі қор (бұдан әрi - Қор) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына сәйкес қоғамдық қордың ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған мүшелiгi жоқ дербес, коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қор "Зейнеткерлердi және халықтың табысы аз жiктерiн әлеуметтiк қорғау жөніндегі аймақтық қайырымдылық қорларын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1994 жылғы 15 шiлдедегi № 1805 Жарлығының негiзiнде құрылған аймақтық қайырымдылық қорының құқықтық мұрагерi болып табылады. 2.2. Қор Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiнiң мемлекеттік тiркелген сәтiнен бастап заңды тұлға құқығына ие болады. Дербес балансы, банктiк шоттары, өзiнiң атауы жазылған дөңгелек мөрi, мөртаңбалары, бланкiлерi мен эмблемасы бар. 2.3. Қор өзiнiң мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндiрiп алу қолданылуы мүмкiн өзiнiң мүлкiнiң шектерiнде ғана жауапкершiлiкте болады. 2.4. Мемлекет, оның органдары мен ұйымдары Қордың мемлекеттiң, оның органдары мен ұйымдарының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейтiнi секiлдi Қордың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. 2.5. Қордың заңды тұлға құқығындағы бөлiмшелерi Қордың оның заңды тұлға құқығы бар бөлiмшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейтiнi секiлдi Қордың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. 2.6. Қор Құрылтайшыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейтiнi секiлдi Құрылтайшыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. 3-бап ҚЫЗМЕТIНIҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН НЫСАНАСЫ
3.1. Қор қызметiнiң негiзгi бағыттары мыналар болып табылады: тұрмысы төмен азаматтарға материалдық және қаржы ресурстарын беру; тұрмысы төмен азаматтарға қызмет көрсету (жұмыстар жүргiзу); әлеуметтiк бағдарламаларды iске асыруға жәрдемдесу. 3.2. Қор тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтiк қолдауды күшейту және "Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Жалпыұлттық қор құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы № 3791 Жарлығын iске асыру мақсатында құрылады. 3.3. Қор қызметiнiң нысанасы мыналар болып табылады: қаржы қаражатын, сондай-ақ ерiктi қайырмалдықтар мен iзгiлiк көмегi түрiнде берiлетiн басқа да мүлiктi жинақтау; тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу; Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігімен, өкiмдермен, тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Жалпыұлттық қормен тұрмысы төмен азаматтарды қолдау мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасау; жалғыз басты, кедейлер мен үйсiз адамдар үшiн қайырымдылық түстiктерiн ұйымдастыру; қаржы қаражатын жинау үшiн қайырымдылық кештерiн және басқа да шараларды ұйымдастыру; бизнес-орталықтарды және шағын кәсiпкерлiктiң инкубаторларын, консультациялық, оқу-әдiстемелiк, лизингтiк және шағын кәсiпкерлiк саласындағы өзге де нарықтық инфрақұрылымдарды дамытуға жәрдемдесу; тұрмысы төмен азаматтарды кәсiптiк бағдарлау, даярлау және біліктілігiн арттыру жөнiнде жұмыс жүргiзу; тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Жалпыұлттық қорға Қордың қаражатының мақсатты пайдаланылуы туралы есептер беру; тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Жалпыұлттық қордың аймақтағы өкiлдiгiн жүзеге асыру; тұрмысы төмен азаматтарды қолдау мәселелерi жөнiнде қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейтiн басқа да шараларды жүзеге асыру. 3.4. Қор өз қызметiнiң мақсаттарымен және нысанасымен тiкелей немесе жанама байланысты немесе осындай қызмет мақсаттары мен нысанасына, не ол қатыса алатын кез келген ұйымның мақсаты мен нысанасына қол жеткiзуге жәрдемдесетiн барлық операциялармен және мәмiлелермен айналыса алады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |