|
|
|
Астананың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз етумен айналысатын акционерлік Ақмола қаласына Қазақстан Республикасының астанасы мәртебесiнiң берiлуiне байланысты және қала шаруашылығын тиiмдi басқару мен дамытуды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру департаментi заңдарда белгiленген тәртiппен: қосымшаға сәйкес акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiн Ақмола қаласының коммуналдық меншiгiне берсiн; "KEGOC" электр желiлерiн басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" акционерлік қоғамымен бiрлесiп, оны кейiн Ақмола қаласының коммуналдық меншiгiне беру үшiн Ақмола қалалық электр желiлерiнiң мүлкiн одан бөлектеу балансы бойынша бөлу жолымен "Ақмола РЭК" акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы № 37 Қаулысына қосымша Акцияларының мемлекеттік пакеттерi Ақмола қаласының коммуналдық меншiгiне берiлетiн акционерлік қоғамдардың тiзбесi "Ақмола ЖЭО-2" АҚ "Ақмола жылу желiлерi" АҚ "Ақмола қалалық электр көлiгi" АҚ "№ 1 автобус паркi" АҚ "Қалалық жол құрылысы" АҚ "Арнаулы автокөлiк" АҚ Ақмола қалалық электр желiлерiнiң мүлкi Ескерту. Қосымша толықтыpылды - ҚР Үкіметінiң 1998.01.30. № 58 қаулысымен; Қосымшадан жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінiң 1998.06.29. № 610 қаулысымен.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |