Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабы 5-тармағын, 51-бабы 2-тармағын 95-бабы 1-тармағын ресми түсіндіру туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Төраға Ю.А. Ким, Кеңес мүшелері Ж.Д. Бұсырманов, А.Есенжанов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда, өтінім субъектісінің өкілі С.Ғ. Темірболатовтың қатысуымен, өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасы Ө.Байгелдінің Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабы 5-тармағын, 51-бабы 2-тармағын, 95-бабы 1-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінімін қарады. Конституциялық іс жүргізу материалдарымен таныса келе, баяндамашылар Қ.Ә. Омарханов пен В.Д. Шопиннің хабарламасын, өтінім субъектісі өкілінің сөздерін тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады: Конституциялық Кеңеске 1999 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабы 5-тармағына, 51-бабы 2-тармағына, 95-бабы 1-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінімі келіп түсті. Бұл орайда өтінім субъектісі, Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отыратынын негізге алып, және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының жартысы 1997 жылғы 8 қазанда төрт жыл мерзімге сайланғанын, ал Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының екінші жартысы 1999 жылғы 17 қыркүйекте алты жыл мерзімге сайланғанын ескере отырып, жоғарыда аталған конституциялық нормалар өзара қалай үйлесетінін анықтауды сұрайды. Жиналған материалдарды зерделеп және Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын талдап шығып, Конституциялық Кеңес мынаны негізге алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|