|
|
|
1999 жылдың қазан, қараша айлары үшін Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының шетелдік несие берушілер алдындағы міндеттемелерін орындау, дефолт фактілеріне жол бермеу, сондай-ақ бұрын берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі: 1) Қазақстан Республикасы берген 1996 жылғы 2 қазандағы № 0000016, 1996 жылғы 11 наурыздағы № 27-1-г/3-96, 1996 жылғы 10 шілдедегі № 13, 1995 жылғы 3 сәуірдегі N ф 22-3/5, 1996 жылғы 19 қарашадағы № 0000019 мемлекеттік кепілдіктерге және Әлембанк (бұрынғы Қазсыртқызэкономбанк) ұсынған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Австрия Федералдық Қаржы министрлігінің арасындағы 1994 жылғы 19 желтоқсандағы Келісімге Өзгеріске сәйкес, шетел банктері шоттарының негізінде дәрменсіз заемшылар үшін алдағы төлемдерді (қосымшаға сәйкес), сондай-ақ есептелген айыппұл сомаларын төлем жасалатын күнгі бағам айырмасының өзгеруін есепке ала отырып, 1999 жылға арналған республикалық бюджетте "Несиелендіру" бөлімі бойынша көзделген қаражаттың шегінде төлейтін болады; 2) заемшылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдарды пайдалану жөніндегі қызметіне қаржылық-шаруашылық тексеріс жүргізсін және оларды пайдалану тәртібін бұзушылық фактілері анықталған жағдайда кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тарту мақсатында материалдарды құқық қорғау органдарына берсін. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі банкроттық ресіміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша қаржылық міндеттемелерін атқармаған тұлғаларды өзге де жауапкершілікке тартуға дейін заңдарда белгіленген тәртіппен шаралар қолдансын. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі және і"Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы (келісім бойынша) қаржылық міндеттемелері республикалық бюджеттің есебінен атқарылған заемшыларға қатысты берілген мемлекеттік бюджеттік қаражатты қайтару жөнінде қабылданған шаралар мен олардың нәтижелілігі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат берсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1783 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдарды өтеу жөніндегі алдағы төлемдерді өтеу Сомасы _________________________________________________________________________ Заемшы Төлемнің Төлемнің Төлемнің Негізгі ұйымы валютасы уақыты сомасы борыш _________________________________________________________________________ Германия несие желісі _________________________________________________________________________ ҚР ІІМ ҚАЖД EUR 01.06.99 761 555,79 532 091,38 _________________________________________________________________________ Австрия несие желісі _________________________________________________________________________ "Фосфор" ӨБ USD 22.11.99 532 192,21 532 192,21 _________________________________________________________________________ Франция несие желісі _________________________________________________________________________ "Батыс" АК FRF 19.10.99 7 419 207,41 5 638 543,60 _________________________________________________________________________ Канада несие желісі _________________________________________________________________________ АБК "Конденсат" USD 15.11.99 1 733 391,96 1 291 666,67 _________________________________________________________________________ Израиль несие желісі _________________________________________________________________________ АБК "Конденсат" USD 01.11.99 1 186 030,60 962 500,00 _________________________________________________________________________ Жапония несие желісі _________________________________________________________________________ Карметкомбинат JPY 03.11.99 314 707 833,00 285 313 185,00 _________________________________________________________________________ Барлығы USD 3 451 614,77 2 786 358,88 EUR 761 555,79 532 091,38 FRF 7 419 207,41 5 638 543,60 JPY 314 707 833,00 285 313 185,00 _________________________________________________________________________ жалғасы ________________________________ Проценттер Басқалары ________________________________ 229 464,41 0,00 ________________________________ 0,00 0,00 ________________________________ 1 780 663,81 0,00 ________________________________ 440 781,25 944,04 ________________________________ 223 530,60 0,00 ________________________________ 29 394 648,00 0,00 ________________________________ 664 311,85 944,04 ________________________________ 229 464,41 0,00 ________________________________ 1 780 663,81 0,00 ________________________________ 29 394 648,00 0,00 ________________________________
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |