|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қазандағы № 1591 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Президенттік жаңа жыл шыршасын өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қазандағы № 1591 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Көп балалы отбасыларының балалары, балалар үйінде, интернат мекемелерінде тәрбиеленушілер және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін Астана қаласында 1999 жылдың 25 желтоқсанында Президенттік жаңа жыл шыршасы өткізілсін."; 2) 2-тармақтың 2-тармақшасындағы "Қызылорда" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген Президенттік жаңа жыл шыршасын әзірлеу және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамына Астана қаласының әкімі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков төрағаның орынбасары болып енгізілсін; С.Ө.Нұрғисаев, Г.Д.Дмитриенко, Ә.М.Мүсілімов, Б.М.Сапарбаев, М.Қ.Шәкенов көрсетілген құрамнан шығарылсын; "Аманшаев Ермек Әмірханұлы - Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі Кеңсесі Экономикалық бөлімінің әлеуметтік сала секторының меңгерушісі Жәмішев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Кәрібжанов Қайрат Сәлімұлы - Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм вице-министрі" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "Аманшаев Ермек Әмірханұлы - Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі Кеңсесі Аймақтық даму және әлеуметтік сала бөлімі меңгерушісінің орынбасары - Әлеуметтік сала секторының меңгерушісі Жәмішев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі Кәрібжанов Қайрат Сәлімұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі" 4) көрсетілген қаулымен бекітілген 1999 жылы Қызылорда қаласында Президенттік жаңа жыл шыршасын әзірлеу және өткізу жөніндегі іс-шаралардың жоспарында: атауы мен мәтініндегі "Қызылорда", "Қызылорда облысының" деген сөздер "Астана", "Астана қаласының" деген сөздермен ауыстырылсын; "Қызылорда облысының әкімі" бөлімінің атауы мынадай жаңа редакцияда жазылсын: "Астана қаласының әкімі"; 12-тармақ алынып тасталсын: "Байқоңыр қаласының әкімі (келісім бойынша)", "Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі" бөлімдері алынып тасталсын; 5) көрсетілген қаулыға қосымшаның "1999 жылы Қызылорда қаласында Президенттік жаңа жыл шыршасына қатысушылардың сандық құрамы" деген атауындағы": "Қызылорда" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |