|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) "Ақмола облысының облыстық орталығын Көкшетау қаласына көшіру жөніндегі шараларды қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 мамырдағы № 604 қаулысына: 1-тармақта: "303900" деген сандар "247900" деген сандармен ауыстырылсын; "44300" деген сандар "2763" деген сандармен ауыстырылсын; "170700" деген сандар "71000" деген сандармен ауыстырылсын; "70000" деген сандар "155237" деген сандармен ауыстырылсын. 2) Ескерту: 1-тармақтың 2) тармақшасы ҚР Үкіметінің 07.03.2000 ж. № 364 қаулысымен алынып тасталды 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі: Ақмола облысының әкіміне Көкшетау қаласын көркейту үшін 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждар үшін көзделген қаражат есебінен 56 (елу алты) миллион теңге бөлсін; бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін. 3. Ақмола облысының әкімі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |