Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы (2010.20.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 183 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің теңгенің айырбас бағамының бұдан былайғы саясаты туралы мәлімдемесін жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелері бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап күшіне енгізілсін. 2. Заң департаменті (Сизова С.И.) Банктік қадағалау департаментімен (Жұмағұлов Б.Қ.) бірлесіп, осы қаулыны және Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелерін тіркеуден өткізсін. 3. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде осы қаулыны және Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.
Төраға
Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 62 қаулысымен бекітілген
Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|