|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «Прикаспийбурнефть» ресей мемлекеттік өндірістік бірлестігінің мүлкіне қатысты меншік құқықтарын реттеу туралы келісімге қол қою туралы
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметтік делегацияларының 1993 жылғы 11 қыркүйектегі кездесуінде (Көкшетау қаласы) қол жеткізілген сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі уағдаластықты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «Прикаспийбурнефть» ресей мемлекеттік өндірістік бірлестігінің мүлкіне қатысты меншік құқықтарын реттеу туралы келісімге қол қойылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «Прикаспийбурнефть» ресей мемлекеттік өндірістік бірлестігінің мүлкіне қатысты меншік құқықтарын реттеу туралы келісімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Мақсұтбек Смағұлұлы Рахановқа өкілеттік берілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |