|
|
|
Монғолияның Баян-Өлгей аймағында тұратын қазақ диаспорасына iзгiлiк Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Монғолияға 1999 жылғы қарашадағы сапары кезiнде қол жеткiзiлген уағдаластықтарды iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мемлекеттік экспорттық астық ресурстарынан: 1) Монғолияның Баян-Өлгей аймағында тұратын ұзақ диаспорасына iзгiлiк көмек көрсету үшiн 5 000 (бес мың) тонна азықтық бидай; 2) СIҒ шекара шартымен жоғарыда көрсетiлген астық көлемiн темір жол көлiгiмен тасымалдау жөніндегі шығындарға бөлiнсiн. 2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Көлiк және коммуникациялар министрлігімен және Мемлекеттік кiрiс министрлігімен бiрлесiп тиiстi тарифтердi арзандату жөніндегі қажеттi шараларды қабылдасын. 3. "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы қаулының шыққан күнiнен бастап 30 (отыз) күн iшiнде iзгілiк көмектi "Наушки"(Ресей) станциясына дейін жеткізуді қамтамасыз етсін. 4. Сыртқы істер министрлігі осы қаулының орындалуы жөнінде өз құзыретінің шегінде қажетті шараларды қабылдасын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |