|
|
|
Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Алматы қаласы әкімінiң мына мекен-жай бойынша орналасқан: Алматы қаласы, Қабанбай батыр атындағы көше, 112-үй, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ғимаратын Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы ұсынысына келісім берiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп Алматы қаласының әкімімен келісім бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ұжымына аталған ғимараттағы үй-жайларды тегiн негiзде беру шартымен Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне ғимаратты беру жөніндегі қажеттi ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын. 3. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты мемлекеттік меншiктiң түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж; № 41, 371-құжат): 1) көрсетiлген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 393-1-жолмен толықтырылсын: "393-1 Ғимарат Қабанбай батыр атындағы көше 112-үй" 2) көрсетiлген қаулыға 3-қосымшадағы реттiк нөмiрi 421-жол алынып тасталсын. 3) Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |