Тауар таңбасын тiркеуге өтiнiмдердi қарау ЕРЕЖЕСI Қазақстан
ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті Төрағасының 2007.24.04. № 55-НҚ Бұйрығымен күші жойылды Кiрiспе Тауар таңбасын тiркеуге өтiнiмдердi қараудың осы Ережесi (бұдан әрi 2 Ереже) Қазақстан Республикасының "Тауар таңбалары, қызмет көрсету белгiлерi және тауар шыққан жердiң атауы туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Патент ведомствосы қабылдаған нормативтiк құжаттар мен әдiстемелiк материалдарға сәйкес құрастырылған. Осы Ереженi жасау кезiнде тауар таңбалары бойынша заңдарды үйлестiрудiң замана үрдiстерi ескерiлдi, сондай-ақ сараптама процесiнде автоматтандырылған iздестiру жүйесi пайдаланылды. Қысқарту тiзбесi Заң - Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету белгiлерi және тауар шыққан жердiң атауы туралы» Заңы Қазпатент - Патент ведомствосы 1 Ереже - Тауар таңбасын тiркеуге өтiнiм құрастыру және беру Ережесi 2 Ереже - Тауар таңбасын тiркеуге өтiнiмдердi қарау Ережесi Тауар таңбасы - Тауар таңбасы және/немесе қызмет көрсету белгiсi Тауарлар - Тауарлар және/немесе қызмет көрсету ТҚХЖ - Тауарлар және қызмет көрсетудiң халықаралық жiктелуi (Ниццалық жiктелу) Париж конвенциясы - Өнеркәсiп меншiгiн қорғау жөніндегі Париж конвенциясы 1. Өтiнiм қабылдау Қазпатентке құрастырылған және берiлген өтiнiмге 1 Ережеге сәйкес нөмiр берiледi әрi оның түскен уақыты көрсетiледi. Тасқа басылған өтiнiмдер ғана қарауға қабылданады. Тиiстi нөмiрi мен берiлген уақыты көрсетiлген, қазақ немесе орыс тiлдерiнде Қазпатент қабылдап алуға қажеттi де жеткiлiктi құжат деп табылуы үшiн өтiнiм нысанында: - өтiнiш берушiнiң толық ресми атауы (аты-жөнi); - өтiнiш берушiнiң толық адресi; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|