|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қорғаныс министрлігі және Экономика министрлігі 2001 және одан кейiнгі жылдарға арналған республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу кезiнде бюджеттік заңнамада көрсетiлген қорғанысқа арналған шығыстардың елдiң iшкi жалпы өнiмiнiң кемiнде 1 пайызын құрайтын және секвестрлеуге жатпайтын деңгейiнiң негізiнде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн кепiлдiктi бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруды қамтамасыз етсiн. 2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі мен Қорғаныс министрлігі 2001 жылдың 1 наурызына дейiнгi мерзiмде "Әскери жағдай туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеудi және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізудi қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгі, Қорғаныс министрлігі, Iшкi iстер министрлігі, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келісім бойынша), Республикалық ұланы (келісім бойынша) және Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығынан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 220 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарында: 1) реттiк нөмiрi 1-жол алынып тасталсын; 2) мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 30-1, 30-2-жолдармен толықтырылсын: "30-1 Келісім-шарт Қорғанысминi сәуiр мамыр маусым бойынша әскери қызмет туралы 30-2 Мемлекеттік Энергоиндустсаудаминiнiң сәуiр мамыр маусым қорғаныстық Қорғаныс өнеркәсiбi тапсырыс туралы жөніндегі комитетi, Қорғанысмині ". 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |