|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі № 911 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасында тікелей инвестицияларды тартудың 1999-2000 жылдар кезеңіне арналған бағдарламасы және Қазақстан Республикасында тікелей инвестицияларды тартудың 1999-2000 жылдар кезеңіне арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі № 911 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 32-33, 291-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында тікелей инвестицияларды тартудың 1999-2000 жылдар кезеңіне арналған бағдарламасында: 2-тараудың 2.2-тармағының 14-абзацы алынып тасталсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында тікелей инвестицияларды тартудың 1999-2000 жылдар кезеңіне арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарында: реттік нөмірі 12-жолда: "Іс-шара" деген баған мынадай редакцияда жазылсын: "Алматы және Қарағанды қалаларында мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар құру"; "Атқарылуына жауапты министрліктер мен ведомстволар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын: "Әділет министрлігі, Жоғарғы Сот (келісім бойынша)"; "Орындау мерзімі" деген бағандағы "1999-2000 ж. ж." деген сөздер "2000 ж." деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |