Қазақстан Республикасы Конституциясы 44-бабының 2)-тармақшасын, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi Төрағасының мiндетiн атқарушы В.Д. Шопин, Кеңес мүшелерi Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов және Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi мемлекеттік-құқықтық бөлiмi меңгерушiсiнiң бiрiншi орынбасары Т.С. Донаковтың қатысуымен, өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Конституциясы 44-бабының 2)-тармақшасын, 61-бабының 2-тармағын, 62-бабының 2-тармағын, 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады. Қолдағы бар материалдарды зерделеп шығып, баяндамашылар - Конституциялық Кеңес мүшелерi Қ.Ә. Омархановтың және В.Д. Шопинның баяндамаларын, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң сөзiн тыңдап, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны анықтады: Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне 2000 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясы 44-бабының 2)-тармақшасын, 61-бабының 2-тармағын, 62-бабының 2-тармағын, 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын осы нормаларда "заң" терминi қолданылатын бөлiгiн ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi. Өтiнiш субъектiсi көрсетiлген конституциялық нормаларды түсiндiру кезiнде, "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Конституциялық заңның 13-бабының 1-тармағында, дәлiрек айтқанда, Парламент Қазақстан Республикасы заңдары нысанындағы заң актілерін, соның iшiнде конституциялық заңдарды да, қабылдайды делiнген болса, "заң" терминiнiң "конституциялық заң" түсiнiгiн бiлдiретiнiн не білдiрмейтiнiн анықтауды сұрайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|