|
|
|
Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Офицерлік лауазымдардың жинақталмауының пайда болуына байланысты және "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес офицерлік құрамның лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін 2000 жылы үш жыл мерзімге әскери қызметке жарамды және оның өткермеген, 29 жасқа дейінгі запастағы офицерлер шақырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 маусымдағы № 983 қаулысына қосымша 2000 жылы әскери қызметке шақырылуға жататын әскери-есепті мамандықтар бойынша запастағы офицерлердің саны _____________________________________________________________________ р/с Әскери-есепті мамандық Саны N _____________________________________________________________________ Офицер: _____________________________________________________________________ 1. мотоатқыштар әскерлері 50 2. танк әскерлері 15 3. ракета әскерлері мен артиллерия 25 4. әуе қорғанысы әскерлері 30 5. құрлықтағы әскерлердің әуе қорғанысы 15 6. әскери-әуе күштері 10 7. инженерлік әскерлер 10 8. химия әскерлері 20 9. байланыс 20 10. бронетанк қызметі 15 11. ракета-артиллерия қару-жарағы қызметі 20 12. медицина қызметі 15 13. заттай-мүлік қызметі 10 14. азық-түлік қызметі 10 15. жанармай-жағармай материалдары қызметі 10 16. қаржы қызметі 5 17. тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бойынша 40 18. әскери прокуратураға арналған заңгерлер 20 ______________________________________________________ Барлығы 340
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |