Қазақстан Республикасы Конституциясы 23-бабының 2-тармағын ресми Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төраға мiндетiн атқарушы В.Д. Шопин, Кеңес мүшелерi Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов және Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi - Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісiнің депутаты В.И. Макалкиннің, сондай-ақ шақырылғандардың - Қазақстан Республикасы Судьялар одағының хатшысы А.А. Рекиннің және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Тiркеу қызметi комитетi төрағасының орынбасары Е.Ә. Сапаровтың қатысуымен, өзiнің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы 23-бабының 2-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады. Ұсынылған материалдарды зерделеп шығып, баяндамашылар Ж.Д. Бұсырманов пен А. Есенжановты, өтiнiш субъектiсi өкiлiнің және басқа да отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны анықтады: Республика Конституциялық Кеңесiне 2000 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы 23-бабы 2-тармағының "... судьялар... кәсiптiк одақтарда болмауға ...тиiс." деген бөлiгiн ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келіп түстi. Өтiніш беруге Қазақстан Республикасы Судьялар одағының қоғамдық бiрлестiк ретіндегі қызметi себеп болған. Өтiнiш субъектiсiнің пiкiрi бойынша Одақ оған бiрiккен Қазақстан судьяларының құқықтары мен кәсiби мүдделерiн қорғау мақсатында бiр мамандық иелерi құрған кәсiптiк одақ болып табылады. Өтiнiште атап өтiлгенiндей, бұл, судьялар кәсiптiк одақтарда болмауға тиiс деген Қазақстан Республикасы Конституциясы 23-бабының 2-тармағына қайшы келедi. Республика Конституциясының және қолданылып жүрген заңдардың нормаларын талдай келіп, Конституциялық Кеңес мынаны негiзге алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|