|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентiнің "2000 жылға арналған көшіп Қазақстан Республикасы Президентінің "2000 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" 2000 жылғы 17 маусымдағы № 406 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi квота және осы мақсатқа республикалық бюджетте көзделген ақшалай қаражат шегiнде өзiнiң тарихи отанына мемлекеттiң қаржылық көмегiнсiз орала алмайтын ұлты қазақ адамдардың ұйымдасқан түрде оралуын, сондай-ақ оларды қабылдауды және орналасқан жерлерiнде жайғастыруды жүзеге асырсын. 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгiмен бiрлесiп: 1) дипломатиялық арналар бойынша репатрианттардың (оралмандардың) шығуы мен транзиттiк жүрiп өтуi және шығатын мемлекеттердiң шекаралары арқылы өтуi кезiнде оларға жәрдем көрсету мәселелерi бойынша тиiстi мемлекеттердiң үкiметтерiне өтiнiш жасасын; 2) шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен тарихи отанына оралуға ниет бiлдiрген отандастардың азаматтық және мүлiктiк құқықтарын қорғауға байланысты мәселелердi пысықтасын. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi бiр айлық мерзiм iшiнде репатрианттарды (оралмандарды) жинақы орналастыру үшiн аудандардың, елдi мекендердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгiне ұсынсын. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келісім бойынша) шет мемлекеттерден келетiн репатрианттарды (оралмандарды) шекаралық бақылауды жүзеге асыру үшiн қажет болған жағдайда уақытша бақылау өткізу пункттерiн ұйымдастырсын. 5. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі репатрианттардың (оралмандардың) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүру жолдарында және орналасатын жерлерiнде жеке басының және мүлкiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсiн. 6. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгi мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Yкіметіне 2001 жылға 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты табыс етсiн. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |