|
|
|
Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Тәжiкстан Республикасының Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі ұсынған, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігімен келісілген және тәжiк жағымен алдын ала пысықталған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжiкстан Республикасының Үкіметі арасындағы Бiлiм саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімнiң жобасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi тәжiк жағымен келiссөздер жүргiзсiн және уағдаластыққа қол жеткiзiлгеннен кейiн, осы ретте Келісімнiң жобасына қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан көрсетiлген Келісімге қол қойсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YКIМЕТI МЕН ТӘЖIКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТІ АРАСЫНДАҒЫ БIЛIМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ Бұдан әрi Тараптар деп аталып, Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Тәжiкстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжiкстан Республикасы Үкіметінiң арасындағы 1993 жылғы 15 қаңтардағы негiзгі өзара қарым-қатынастар туралы Шартты басшылыққа ала, және білім саласындағы екiжақты ынтымақтастықты дамытуға ұмтыла отырып, төмендегiдей келісімге келдi: 1-бап Тараптар жоғары, бастауыш және орта кәсiптiк білім жүйесi мен құрылымы, реформалар және жаңа білім беру технологиялары туралы ақпараттармен, оқу-әдiстемелiк материалдарымен алмасу арқылы ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады. 2-бап Тараптар эквиваленттiк алмасу түріндегі ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады: - толық оқу курсына студенттермен; - лекциялар оқу үшiн профессорлық-оқытушылық құраммен. Айырбас квотасы, мамандықтар тiзбесi, лекциялар тақырыбы, мерзiмдерi және басқа да жағдайлары жыл сайынғы бiрлескен Хаттамада айқындалады. 3-бап Тараптар бастауыш, орта кәсiптiк және жоғары білім мекемелерi арасындағы тiкелей әрiптестiк байланыстарды ұлттық заңдарға сәйкес дамытатын болады. 4-бап Осы Келісімдi iске асырудың жағдайын талқылау, ынтымақтастықты одан әрi кеңейту және жетiлдiру мақсатында Тараптар, қажет жағдайда, 3 (үш) күн мерзiмге құрамында екi адам бар жұмысшы делегацияларымен алмасатын болады. 5-бап Оқушылар, студенттер, тәжiрибеден өтушілер, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер, жұмыс делегациялары мүшелерiмен өзара алмасу Тарап мемлекеттерiнiң мүдделi ұйымдары арасындағы тiкелей шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Онда жiберушi және қабылдап алушы жақтардың құқы, мiндетi және жауапкершiлiктерi айқындалады. 6-бап Осы Келісімдi түсiндiруге және қолдануға байланысты туындайтын мәселелер консультациялар және келiссөздер жолымен шешiлетiн болады. 7- бап Тараптардың өзара уағдаласуы бойынша осы Келісімге хаттамалар түрiнде ресiмделген, осы Келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады. Олар жеке Хаттамалармен ресiмделедi. 8-бап Осы Келісім Тараптардың оның күшiне енуiне қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны жөнiнде соңғы жазбаша мәлiмдеменi алған күнiнен бастап күшiне енедi. Осы Келісім 5 жыл мерзiмге жасалады және Тараптардың бiр де бiрi келесi Тарапқа кезекті бес жылдық мерзiмнiң бiтуiне кем дегенде алты ай қалғанша оның қызметiн тоқтату жөнiнде жазбаша мәлiмдеме жiбермеген жағдайда, өзiнен өзi келесi бес жылдық мерзiмге ұзартылады. 2000 жылғы "___"______________________________ қаласында екi дана түпнұсқада, әрқайсысы қазақ, тәжiк және орыс тiлдерiнде жасалынды, осы күйiнде барлық мәтiндердiң бiрдей күшi бар. Осы Келісім ережелерiн түсiндiруде түсiнбеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтiндi басшылыққа алатын болады. ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YКIМЕТI YШIН YКIМЕТI YШІН
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |