|
|
|
Балалар тағамын өндiретiн жабдықты Алматы қаласының коммуналдық Алматы қаласында балалар тағамын өндiрудi ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазагросыртқысауда" акционерлік қоғамы мен "ТЕКНОСЕРВИС с.р.л." фирмасының (Италия) арасындағы 1992 жылғы 27 тамыздағы № 1905/483-110 келісім-шартының негiзiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттік емес сыртқы заем бойынша 1993-94 жылдары берiлген балалар тағамын өндiретiн жабдықты заңнамада белгiленген тәртiппен 10 жылға мерзiмiн ұзарта отырып, республикалық бюджетке 18640250 (он сегiз миллион алты жүз қырық мың екi жүз елу) АҚШ долларын өтеу және өндiрiске қосу шартымен Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы Алматы қаласы әкімінiң ұсынысы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) 1-тармақта көрсетiлгендердi республикалық бюджетке аудару жөнiнде Алматы қаласының әкімімен келісім жасассын; 2) Алматы қаласының әкімімен бiрлесiп, көрсетiлген жабдықты Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру жөнiнде қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |