|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 7 желтоқсандағы "АКПО" акционерлік қоғамының конкурстық iс жүргiзуін тиiмдi аяқтау мақсатында және оның мемлекеттің экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "АКПО" акционерлік қоғамы (Ақтау қаласы) туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 7 желтоқсандағы № 1248 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн: 1) 2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "әкiмшiлiк шығындар мен бiрiншi кезектегi кредиторлардың алдындағы мiндеттемелердiң төленбеген бөлiгiнің сомасына тең лот үшiн ең төменгi бағаны; заңнаманың талаптарын ескере отырып бiр ғана қатысушы жағдайында өткен лот бойынша сауда-саттықты тану мүмкiндiгiн"; 2) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: "2-1. Конкурстық массаны сатып алушыларға: 2000 жылғы 1 желтоқсанға полистирол өндiрiсiн жаңарту үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ету жөнiнде мiндеттемелер қабылдауға; сауда-саттықтың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап объектi мен қызметшiлердi ұстау жөніндегі барлық шығындарды төлеу жөнiнде мiндеттемелер қабылдауға; сатып алу-сату шартының ажырамас бөлiгi болып табылатын Қазақстан Республикасының Энергетика индустрия және сауда министрлігімен келiсілген кесте бойынша үшінші кезектегi кредиторлардың талаптарын өтеу жөнiнде мiндеттемелер қабылдауға; сатып алушыда кәсiпорынның өндiрiстiк қызметiн жаңғырту туралы Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен келісілген инвестициялық бағдарламаның болуына қосымша талаптар көзделсін."; 3) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатып алушының сатып алу-сату шарты бойынша өз міндеттемелерін орындауын бақылауды қамтамасыз етсін." 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |