|
|
|
Қызылорда облысының жергiлiктi атқарушы органының қарыз алуының Қызылорда облысының жылу-энергетика объектiлерiнiң 2000/2001 жылғы күзгi-қысқы кезеңде сенiмдi және авариясыз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қызылорда облысының жергiлiктi атқарушы органы ұсынған, Қызылорда облыстық мәслихаты сессиясының 2000 жылғы 29 шiлдедегi шешiмiмен бекітiлген және Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінiң оң қорытындысы бар, қаржыландыруы көрсетiлген жергiлiктi атқарушы органның қарыз алуы есебiнен жүзеге асырылатын "Қызылорда қаласының жылу-энергиямен жабдықтайтын кәсiпорындарын 2000/2001 жылғы күзгi-қысқы кезеңдi олардың жұмысының тұрақтылығы үшiн мазутпен қамтамасыз ету" аймақтық инвестициялық бағдарламасымен келісілсін. 2. Қызылорда облысының жергiлiктi атқарушы органының 2000 жылға арналған жиынтық қарыз алу лимитiн пайдалану көлемi 330 000 000 (үш жүз отыз миллион) теңге мөлшерiнде белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі ресiмделетiн құжаттар мен мәмiлелердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына Қызылорда облысы жергiлiктi атқарушы органының заем туралы шартының сәйкестiгiне құқықтық сараптама жүргiзсiн және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгіне тиiстi қорытынды ұсынсын. 4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі: 1) тартылатын заем шарттарына қаржылық сараптаманы жүзеге асырсын; 2) мемлекеттік борышты басқару шеңберiнде заемды тiркеудi, жергiлiктi атқарушы органның заемды бақылауын және оған қызмет көрсету мониторингi мен өтеуiн қамтамасыз етсiн. 5. Қызылорда облысының әкімі: 1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне 3-тармаққа сәйкес тартылатын заемға қаржылық сараптама жүргізу үшін қажетті құжаттарды ұсынсын; 2) заңнамада белгiленген тәртiптен заем тартуды қамтамасыз етсiн; 3) заем қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсiн; 4) жергiлiкті бюджеттiң қаражаты есебiнен заемға қызмет көрсетудi және оны өтеудi қамтамасыз етсiн; 5) заем қаражатын игеру, оған қызмет көрсету және өтеу жөнiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне үнемi ақпарат берудi қамтамасыз етсiн. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсiн. 7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |