|
|
|
"№ 3 кеніш басқармасы", "№ 4 кеніш басқармасы" және "№ 5 кеніш Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Ақмола облысының "№ 3 кенiш басқармасы", "№ 4 кенiш басқармасы" және Солтүстiк Қазақстан облысының "№ 5 кенiш басқармасы" кәсiпорындары таратылсын. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі мен "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегі агенттігi" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) "№ 3 кенiш басқармасы", "№ 4 кенiш басқармасы" және "№ 5 кенiш басқармасы" кәсiпорындарының заңнамада белгіленген тәртiппен таратылуын қамтамасыз етсiн. Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.05.02. № 585 қаулысымен. 3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгі: 1) Қаржы министрлiгімен бiрлесiп 2001 жылға арналған республикалық бюджеттiң жобасын қалыптастыру жөніндегі бюджеттік комиссияның қарауына, осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттік кәсiпорындардың қызметкерлерiне капиталдандыруды ескере отырып, жалақы жөніндегі берешектердi өтеуге және еңбек мiндеттерiн орындаумен байланысты өмiрлерi мен денсаулықтарына келтiрiлген зиянды өтеу жөніндегі төлемдердiң шығыстарын енгізу туралы мәселенi енгізсiн; 2) 2001 жылдан бастап, заңнамада белгiленген тәртiппен таратылатын "№ 3 кенiш басқармасы", "№ 4 кенiш басқармасы" және "№ 5 кенiш басқармасы" кәсіпорындары қызметкерлерiнiң тиесiлi төлемдерiн алуын қамтамасыз етсiн. 4. "Уранликвидрудник" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1311 қаулысына мынадай толықтырулар енгізiлсiн: кiрiспесi Ақмола облысындағы № 3 (Заозерный поселкесi) және № 4 (Красногорский поселкесi) және Солтүстiк Қазақстан облысындағы № 5 (Саумалкөл поселкесi)" деген сөздермен басталып, одан әрi мәтін бойынша жазылсын; 2-тармақтың алтыншы абзацындағы "Солтүстiк Қазақстан облысындағы № 3" және № 5" деген сөздер "Ақмола облысындағы № 3, 4 және Солтүстiк Қазақстан облысындағы № 5" деген сөздермен ауыстырылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |