|
|
|
Қазақстан Республикасының делегациясын Манила қаласына (Филиппин Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мынадай құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы "Шаруа қожалықтарының құрылымын өзгерту" жобасы бойынша заем туралы келісім жөнінде Азиялық Даму Банкімен келіссөздер жүргізу үшін 2000 жылғы 2-12 қазан кезеңіне Манила қаласына (Филиппин Республикасы) іссапарға жіберілсін: Тасқожин Амангелді - Қазақстан Республикасының Ауыл Шағатайұлы шаруашылығы министрлігі сыртқы байланыстар және инвестициялар басқармасының бастығы, делегация жетекшісі; Берлібаев Бақтияр - Қазақстан Республикасының Қаржы Әмірбайұлы министрлігі Мемлекеттік қарыз алу департаменті директорының орынбасары; Әкежанов Қуат - Қазақстан Республикасының Әділет Балхашұлы министрлігі Халықаралық құқық және протокол департаменті екіжақты ынтымақтастық жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдерге сараптама жасау бөлімінің бастығы. Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.13. № 1840 қаулысымен. 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі: 1) белгіленген тәртіппен делегация мүшелеріне қажетті жол жүру құжаттарын ресімдесін; 2) Қазақстан Республикасы делегациясының мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Алматы-Сеул-Манила-Сеул-Ташкент-Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2000 жылға арналған республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен берілетін күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша толық көлемде валюта қаражатын бөлсін. Ескерту. 2-тармақша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.13. № 1840 қаулысымен. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |