|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10 қазандағы № 1510 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 12 мамырдағы № 691 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасының спортшыларына - Сидней қаласындағы (Австралия) 2000 жылғы XXVII Олимпиадалық ойындардың жеңімпаздарына, жүлдегерлеріне және олардың жаттықтырушыларына бір жолғы төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қазандағы № 1510 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1-тармақтағы 163335000 (бір жүз алпыс үш миллион үш жүз отыз бес мың) деген сан 165474000 (бір жүз алпыс бес миллион төрт жүз жетпіс төрт мың) деген санмен ауыстырылсын; көрсетілген қаулының қосымшасында: реттік нөмірі 16-жол алынып тасталсын; ескерту мына абзацпен толықтырылсын: Жеңімпаздар мен жүлдегерлер командаларының жаттықтырушыларына бір жолғы төлемдер әрбір жаттықтырушыға спортшылар үшін белгіленген мөлшерде төленеді. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |