|
|
|
Пәкстан Ислам Республикасының Атқарушы өкiмет басшысы Первез Қазақстан Республикасы мен Пәкстан Ислам Республикасы арасындағы екiжақты ынтымақтастықты нығайту және Пәкстан Ислам Республикасының Атқарушы өкiмет басшысы Первез Мушаррафтың Қазақстан Республикасына жұмыс бабындағы сапарын дайындау мен өткізу жөнiндегі ұйымдастыру-протоколдық iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгі Пәкстан Ислам Республикасы Атқарушы өкiмет басшысы Первез Мушаррафтың Қазақстан Республикасына 2000 жылғы 6-7 қарашадағы жұмыс сапарын дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру-протоколдық iс-шараларын қамтамасыз етсiн. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасы (келісім бойынша): 2-қосымшаға сәйкес сапарды өткізуге байланысты шығыстарды қаржыландыруды 2000 жылға арналған республикалық бюджетте "Ресми делегацияларға қызмет көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен қамтамасыз етсiн; Пәкстан Ислам Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру және қызмет көрсету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Пәкстан Ислам Республикасы ресми делегациясы мүшелерiнiң тұратын және болатын жерлерде қауіпсiздiгін, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн. 4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі белгiленген тәртiппен: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бiрлесiп Пәкстан Ислам Республикасы Атқарушы өкiмет басшысының арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстiнен ұшып өтуiн; Астана қаласының әуежайында арнайы ұшақтың қонуын, ұшуын, оған техникалық қызмет көрсетудi, тұрақ берудi және жанармай құюды қамтамасыз етсiн. 5. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлiгі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуiн қамтамасыз етсiн. 6. Астана қаласының әкімі: Пәкстан Ислам Республикасының ресми делегациясын күтiп алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн; Астана қаласы бойынша таныстыру экскурсиясын ұйымдастырсын. 7. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында Пәкстан Ислам Республикасының Атқарушы өкiмет басшысын күтіп алу және шығарып салу рәсiмдерiне қатыссын. 8. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi (келісім бойынша) Пәкстан Ислам Республикасының ресми делегациясы күзетілетiн тұлғаларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсiн. 9. Осы қаулының iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгіне жүктелсiн. 10. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2000 жылғы 2 қарашадағы № 1655 қаулысына 1-қосымша Пәкстан Ислам Республикасының ресми делегациясы мүшелерiн орналастыру және қызмет көрсету жөнiндегі ұйымдастыру шаралары 1. Ресми делегация мүшелерiн (1+4) Астана қаласындағы "Интерконтиненталь-Астана" қонақ үйiне, сондай-ақ бiрге жүретiн адамдарды орналастыру, тамақтандыру және көлiктік қызмет көрсету. 2. Қазақстан Республикасы Президентінiң Күзет қызметi қызметкерлерiн "Интерконтиненталь-Астана" қонақ үйiне орналастыру. 3. Сапарды өткізуге жұмылдырылған адамдар үшiн ұтқыр байланыс құралдарын (5 дана) жалға алу, 2000 жылғы 6-7 қараша. 4. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсаттамалар) дайындау. 5. Пәкстан Ислам Республикасы ресми делегациясының басшысы үшiн кәдесыйлар мен сыйлық сатып алу. 6. Пәкстан Ислам Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында күтіп алу және шығарып салу рәсiмдерiн техникалық безендiру (VIР-зал, сусындар, шай, Астана қаласының әуежайындағы жалаулар), сондай-ақ Пәкстан Ислам Республикасының Атқарушы өкiмет басшысы Первез Мушаррафтың Қазақстан Республикасына жұмыс бабындағы сапарының бағдарламасына сәйкес ұйымдастыру-протоколдық iс-шараларын дайындау мен өткізудi қамтамасыз ету. 7. Ел басшылығының атынан Пәкстан Ислам Республикасының Атқарушы өкiмет басшысы Первез Мушаррафтың құрметiне Астана қаласында ресми түскi ас ұйымдастыру. 8. Пәкстан Ислам Республикасы ресми делегациясының мүшелерiмен бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |