|
|
|
"2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған 2001 жылға бiр қызметкерге арналған ағымдағы шығыстардың нормативiн айқындау үшiн топтар бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң тiзбесi бекітілсін. 2. Қоса берiлiп отырған 2001 жылға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң бiр қызметкерiне арналған нормативке енетiн ағымдағы шығыстардың тiзбесi бекітілсiн. 3. Қоса берiлiп отырған 2001 жылға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң бiр қызметкерiне арналған ағымдағы шығыстардың нормативi бекiтілсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 2 қазандағы № 1485 қаулысымен бекітілген Топтар бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң тізбесi І топ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгі Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi Қазақстан Республикасы Парламентінiң Шаруашылық Басқармасы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлiгі ІІ топ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгi Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігi Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды сақтау жөніндегі агенттiгi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегі агенттігi Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгi Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегi агенттігi Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігi III топ Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігi Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгі Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлiгі Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 2 қазандағы № 1485 қаулысымен бекітілген 2000 жылға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң бiр қызметкерiне арналған нормативіне енетін ағымдағы шығыстардың тiзбесi Жалақы Өтемақы төлемдерi Жұмыс берушiлердiң жарналары Азық-түлiк өнiмдерiн сатып алу Дәрi-дәрмектер мен өзге де медициналық мақсаттағы құралдарды сатып алу Ағымдағы шаруашылық мақсаттар үшiн заттар мен материалдарды сатып алу Жұмсақ мүкәммал мен киiм-кешек сатып алу Iссапар шығыстары Үй-жайды және жердi жалдағаны үшін жалдау ақысы Коммуналдық қызмет көрсетулерге ақы төлеу Байланыс қызметін көрсетулерге ақы төлеу Көлiктік қызмет көрсетулерге ақы төлеу Электр энергиясына ақы төлеу Жылуға ақы төлеу Ғимараттарға қызмет көрсетулер жөнiндегі қызметтерге ақы төлеу Жабдықтар мен мүкәммалды ұстау және ағымдағы жөндеу Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды ағымдағы жөндеу Атқарушы құжаттарды орындау Ерекше шығыстар Тауарларды сатып алуға арналған өзге де шығыстар Мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде көрсетiлетiн қызметтерден басқа өзге де қызмет көрсетулер Жеке тұлғаларға берiлетiн трансферттер Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 2 қазандағы № 1485 қаулысына қосымша бекітілген 2000 жылға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң бiр қызметкерiне арналған ағымдағы шығыстардың нормативi --------------------------------------------------------------------------- !Жылына 1 қызметкерге арналған ағымдағы !шығыстардың нормативі (мың теңге) !-------------------------------------- !Мемлекеттік органның ! Мемлекеттік !(ведомстволарын қоса ! органдардың !алғанда) орталық ! аумақтық !аппараты үшін ! бөлімшелері ! ! үшін --------------------------------------------------------------------------- І топ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі 1246 Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты 1685 Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 809 450 Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің Кеңсесі 1075 Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі 1622 Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 1584 Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық Басқармасы 2127 Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 897 Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы 627 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі 702 301 --------------------------------------------------------------------------- ІІ топ 560 343 --------------------------------------------------------------------------- ІІІ топ 445 270 ---------------------------------------------------------------------------
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |