|
|
|
Базалық лауазымдық жалақының мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" 1997 жылғы 1 сәуірдегі № 3436 Жарлығының 4-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап коэффициенттерді қолдана отырып лауазымдық жалақыларды есептеу үшін базалық лауазымдық жалақының мөлшері 2001 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге 5060 теңге деңгейінде бекітілсін. 2. Осы қаулы 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |