|
|
|
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын дамыту Ел экономикасын өркендетудi жеделдетуге қажеттi қазiргi заманғы инфрақұрылым құру және импорттық электр энергиясының орнын ауыстыру үшiн өзiмiздiң энергия өндiрушi қуаттарымызды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментiмен бiрлесiп "КЕГОК" акционерлік компаниясы активтерiнiң концессиясы туралы шартты жасау кезiнде келісім-шарттағы концессионердiң мiндеттемесiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң келісімiмен электр энергетикасының жаңа объектiлерiн салып жатқан қазақстандық өндiрушiлерден электр энергиясын, рынок конъюнктурасын ескере отырып, басым тәртiппен сатып алуын көздесiн. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Жекешелендiру жөніндегі департаментi аймақтық энергетикалық компанияларды жекешелендiру кезiнде келісім-шарттарда жаңа қожайындардың мiндеттемелерiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң келісімiмен электр энергетикасының жаңа объектiлерiн салып жатқан қазақстандық өндiрушiлерден электр энергиясын, рынок конъюнктурасын ескере отырып, басым тәртiппен сатып алуын көздесiн. 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Т.Дүйсеновке жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |