|
|
|
«Дәрiлiк заттарды стандарттау және бақылау жөніндегі республикалық базалық зертхана» мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Дәрiлiк заттарды стандарттау және бақылау жөніндегі республикалық базалық зертханасы» мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгiнiң «Дәрiлiк заттарды сараптау және стандарттау жөніндегі республикалық базалық зертхана» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын. 2. Кәсiпорынды басқарудың мемлекеттік органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншiк құқығының субъектiсi функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен: 1) Кәсiпорынның Жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 1852 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 52, 527-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде: 2 «Мемлекеттік кәсiпорындар» бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 68 және 69-жолдармен толықтырылсын: «68. Дәрiлiк заттарды сараптау және стандарттау жөніндегі республикалық зертхана». «69. Республикалық клиникалық аурухана». 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
,
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |