|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа тұрғын үй саясаты туралы» 1993 жылғы 6 қыркүйектегi № 1344 Жарлығына сәйкес «Тұрғынүйқұрылысбанкi» жабық акционерлік қоғамы берген жеңілдiктi тұрғын үй несиелерiн алған азаматтардың мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы
Жеңiлдiктi тұрғын үй несиелерiн алған азаматтар үшін теңгенің еркiн өзгермелi айырбас бағамы режимiне көшудiң әлеуметтiк зардаптарын әлсiрету мақсатында және «Банк ЦентрКредит» ашық акционерлік қоғамымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 1999 жылғы 5 сәуiрден бастап теңгенiң айырбас бағамының өзгеруiне байланысты «Тұрғынүйқұрылысбанкi» жабық акционерлік қоғамы берген жеңiлдiктi тұрғын үй несиелерiн алған азаматтардың (бұдан әрi - Заемшылар) мiндеттемелерiнiң бiр бөлігiн республикалық бюджеттен қаржыландыру орынды деп танылсын. 2. «ЦентрКредит Банкi» ашық акционерлік қоғамына (бұдан әрi - «ЦентрКредит Банкi» ААҚ) 1 АҚШ доллары үшiн 88,3 теңге бағамды және 5 пайыз жылдық сыйақы ставкасын ескере отырып, 1999 жылғы 1 сәуiрден бастап олар бойынша тараптардың мiндеттемелерiн белгілей отырып, Заемшылармен несие шарттарына қосымша келісімдер жасау ұсынылсын. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі: 1) «ЦентрКредит Банкі» ААҚ-мен Шарт жасассын, онда 2000 жылғы 8 желтоқсанда Қаржы министрлігі мен «ЦентрКредит Банкi» ААҚ арасында қол қойылған Заемшылардың тобын нақтылау мәселесi жөніндегі келісімде анықталған Заемшылар мен шарттар бойынша бағамдық айырманы есептеу мен төлеу тәртiбін және шарттың мерзiмiн ұзарту құқығынсыз «ЦентрКредит Банкi» ААҚ-ның 1999 жылғы 1 сәуiрден бастап Заемшылармен жасалған несие шарттарының қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiнгi кезең үшiн бағамдық айырманы төлеу көзделсiн. Жыл сайын өтеуге жататын бағамдық айырманың мөлшерi 1 АҚШ доллары үшiн 88,3 теңге бағамы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің тиiстi жылғы 31 желтоқсандағы бағамы арасындағы айырма ретiнде анықталсын. Бағамдық айырманы өтеу Заемшылардың бiр жылғы негiзгi борыш пен сыйақыны өтеу сомасына жүргiзіледi. 2002 жылы өтемақы төлеу 1999 жылғы 1 сәуiрден бастап 2001 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезең үшiн жүргiзiледi; 2) 2002 жылдан бастап және осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген берiлген несиелер бойынша жасалған несие шарттарының қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн республикалық бюджетте алдыңғы қаржы жылы үшiн бағамдық айырманы төлеуге жыл сайын қаражат көздесiн, бұдан басқа, 2002 жылдың республикалық бюджетiнде 1999 және 2000 жылдардың төлемдерi бойынша бағамдық айырманы төлеу көзделетiн болсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә. Жандосовқа жүктелсiн. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
,
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |