|
|
|
"Еуропа-Кавказ-Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Еуропа-Кавказ-Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көптарапты келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Жоба Қазақстан Республикасының Заңы Еуропа-Кавказ-Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көптарапты келісімді бекіту туралы 1998 жылғы 8 қыркүйекте Баку қаласында жасалған Еуропа-Кавказ-Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көптарапты келісім бекітілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Еуропа-Кавказ-Азия дәлiзін дамыту жөніндегi халықаралық көлiк туралы негізгi көпжақты келісім Бұдан әрi Тараптар деп аталатын осы Келісімге қатысушы мемлекеттер, Еуропа, Қара теңiз, Кавказ, Каспий теңiзi және Азия аймақтарында экономикалық қарым-қатынасты, сауданы және көлiк қатынасын дамытуға ұмтылыс бiлдiре отырып, Еуропа-Кавказ-Азия дәлiзiн дамыту жөніндегі халықаралық көлiк туралы негiзгi көпжақты келісім (бұдан әрi "Негiзгi Келісім" деп аталады) жасасуға уағдаласты. 1-бап Жалпы ережелер Негiзгi Келісімнiң ережелері Тараптар арасындағы халықаралық жүк және жолаушылар тасымалдарын, сондай-ақ Тараптардың аумақтары арқылы транзиттiк тасымалдарды реттейдi. 2-бап Анықтамалар Егер жүктi немесе жолаушыларды қабылдау және белгiленген жеткізу орны, сондай-ақ транзит кезiнде жүктердiң сақталуы келісім-шартта көрсетiлгендей, ең болмағанда бiреуi Негiзгi Келісімнiң Тарабы болып табылатын екi әр түрлi елде болса, Негiзгi Келісімнiң мақсатында "халықаралық тасымалдау": а) автомобиль көлiгiнде (соның ішінде тiркемелер мен жартылай тiркемелер); б) темір жол көлiгiнде; в) су көлiгiнде; г) әуе көлiгiнде; д) контейнерлер жөніндегі кеден конвенциясына сәйкес барлық контейнер түрлерiнде; е) құбырларда немесе олардың көмегiмен тауарлардың немесе жолаушылардың қозғалысын бiлдiредi. 3-бап Негiзгi Келісімнің мақсаттары Негiзгi Келісімнiң мақсаттары: а) Еуропа, Қара теңiз, Кавказ, Каспий теңiзi және Азия аймақтарында экономикалық қарым-қатынасты, сауданы және көлiк қатынасын дамыту; б) автомобиль, әуе және темір жол көлiгiнiң, сондай-ақ саудалық кеме қатынасы халықаралық рыногына кіруге жәрдемдесу; в) жүктердiң, жолаушылардың халықаралық тасымалдарына және көмiрсутегi өнiмдерiн халықаралық тасымалдауға ықпал ету; г) қозғалыс қауiпсiздiгiн, жүктердiң сақталуын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету; д) көлiк саясатын, сондай-ақ көлiк саласындағы құқылық шеңберлердi үйлесiмдi ету; е) жекелеген көлiк түрлерi арасында тең бәсекелестiк жағдайын жасау болып табылады. 4-бап Халықаралық тасымалдарға жәрдемдесу 1. Әрбiр Тарап екіншi Тарапқа Негiзгi Келісімде көрсетiлген шартпен олардың аумақтары арқылы халықаралық көлiк құралдарының, жүктер мен жолаушылардың транзитпен өту құқығын бередi. 2. Тараптар өз аумақтарында транзиттiк тасымалдарға барынша тиiмдi жәрдем көрсетудiң ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi. 3. Негiзгi Келісімнiң ережелерi Тараптар қатысушысы болып табылатын немесе болуы мүмкiн халықаралық конвенциялар мен келісімдерден шығатын олардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды. 5-бап Салықтарды, алымдарды және басқа да төлемдердi төлеу Салықтар, алымдар және басқа да төлемдер, олардың атауларына немесе мақсаттарына қарамастан, көлiк, кеден қызмет көрсетулерiне, тасымалдауға байланысты қызмет көрсетулерге шығатын шығыстарды, сондай-ақ көлiк инфрақұрылымын пайдалану үшiн төленетiн төлемдердi қоспағанда, транзиттiк тасымалдарға қатысты алынбайтын болады. 6-бап Жеңiлдетiлген шарттар мен тарифтер 1. Транзит тасымалдарын қамтамасыз етуде қызмет көрсету үшiн тарифтер жеңiлдетiлген шарттармен белгiленедi. 2. Тараптар Негiзгi Келісімнiң 1-бабында көрсетiлген тасымалдау түрлерi үшiн екi Тарап арасында жеңілдетiлген шарттар мен тарифтер белгiленетiн жағдайда осы Тараптар мен екiншi Тараптар арасында кемiнде осындай жеңiлдетiлген шарттар мен тарифтер қолданылатынына келiстi. 7-бап Қозғалыс қауiпсiздiгi, жүктердiң сақталуы және қоршаған ортаны қорғау Тараптар Негiзгi Келісімнiң 1-бабында көзделген халықаралық тасымалдар кезiнде қозғалыс, жолаушылар мен жүктердiң қауіпсiздiгiн, жүктер мен көлiк құралдарының сақталуын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн тиiстi шараларды қабылдайды. 8-бап Yкiметаралық Комиссия 1. Тараптар Негiзгi Келісімнiң ережелерiн жүзеге асыруға және қолдануға қатысты мәселелердi реттеу мақсатында Yкiметаралық Комиссия құрады. 2. Yкiметаралық Комиссия Тараптардың жоғары дәрежелi үкiметтiк лауазымды тұлғаларынан немесе олардың Негiзгi Келісім шеңберiнде шешiм қабылдау өкiлеттiгi бар өкiлдерiнен құралады. Yкiметаралық Комиссия шешiмдерiн жалпы ымыраға келушiлiк қағидаттары негізiнде қабылдайды. 3. Yкiметаралық Комиссия мәжілістерiн тұрақты түрде, кемiнде жылына бiр рет, кезегiмен әрбiр Тарапта өткiзедi. Сонымен қатар қабылдайтын Тарап бiр жыл бойы төрағалық етедi. Мәжіліс өтетiн Тарап делегациясының басшысы Үкiметаралық Комиссияның Төрағасы болып табылады. Yкiметаралық Комиссия мәжілістерi Төрағаның немесе кез келген Тараптың ұсынысы бойынша қатысуға тиiстi сарапшыларды шақыра алатын Тарап өкiлдерiнiң қатысуымен өткiзiледi. 4. Yкiметаралық Комиссия өз рәсiм ережелерiн қабылдайды. 5. Қажет болғанда Үкiметаралық Комиссия Негiзгi Келісімге түзетулер мен өзгерістер енгізу, сондай-ақ Негiзгi Келісімге жаңа техникалық қосымшалар қабылдау туралы ұсыныс енгізуi мүмкiн. 6. Үкiметаралық Комиссия Негiзгi Келісім шеңберіндегі мәселелер, оның ішінде: а) көлiк саясатын үйлестiру; б) Негiзгі Келісім ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз ету; в) тиiстi ақпарат жинау және еркiн алмасу; г) бәрiнен бұрын қозғалыс қауiпсiздiгiн, жүктердің сақталуын және экологиялық аспектiлердi ескере отырып, Тараптар арасында тасымалдардың үйлесiмдi дамуын; д) көлiк кәсiпорындары мен мекемелерi арасында ынтымақтастыққа жәрдемдесу; е) мультимодальдiк тасымалдарға жәрдемдесу; ж) орнатылған өткізу бекеттерiнде қолдануға жататын кеден рәсiмдерi мен iс-тәжiрибесiн оңайлату мәселелерi бойынша Тараптар қабылдау үшiн шешiмдер мен тиiстi ұсынымдар әзiрлейдi. 7. Yкiметаралық Комиссия Негiзгi Келісімнiң 10-бабының 1-тармағында көрсетiлген салалар бойынша жұмыс топтарын құруға және олардың құқықтары мен мiндеттерiн анықтауға құқылы. 9-бап Тұрақты Хатшылық 1. Yкiметаралық Комиссия Негiзгi Келісімдi тиiмдi қолдану үшiн Тұрақты Хатшылық құрады. 2. Хатшылық Баку қаласында, Әзiрбайжан Республикасы, орналасқан және оның әрбiр Тарапта тұрақты өкiлдiктерi болады. 3. Үкiметаралық Комиссия Тұрақты Хатшылық туралы ереженi әзiрлеп, бекiтедi, оның өкiлеттiк шегiн, құқықтары мен мiндеттерiн, лауазымды тұлғаларды тағайындау рәсiмiн белгiлейдi, сондай-ақ Тұрақты Хатшылықтың жұмысын бiрлесiп қаржыландыру жүйесi жөнiнде ұсыныстар дайындайды. Қаржыландыру жүйесiн Тараптардың үкіметтерi бекiтедi. 4. Тұрақты Хатшылық Негiзгі Келісім ережелерiнiң орындалуына қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ Yкiметаралық Комиссияның шешiмдерiн орындайды және Үкiметаралық Комиссияға тиiстi ұсыныстар енгiзедi. 10-бап Техникалық қосымшалар 1. Халықаралық автомобиль көлiгi, халықаралық темір жол көлiгi, халықаралық сауда кеме қатынасы және кеден рәсiмдерi мен құжаттарды өңдеу жөніндегі техникалық қосымшалар Негiзгi Келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және кейiннен, қажет болған жағдайда, қабылдануы мүмкiн басқа да техникалық қосымшалармен бiрдей. 2. Тараптар үшiн техникалық қосымшалар Негiзгi Келісім сияқты және соның көлемiндегідей мiндетті болып табылады және Негiзгi Келісімде анықталған мәселелердiң егжей-тегжейлi реттелуiн қамтамасыз етедi. Алайда, Негiзгi Келісімнiң ережелерi мен кез келген техникалық қосымша ережелерiнiң арасында қайшылық туындағанда Негiзгi Келісімнiң ережелерiн басшылыққа алу қажет. 3. Әрбiр Тарап техникалық қосымшаларға түзетулер ұсынуға және қажет болған жағдайда Тұрақты Хатшылыққа жаңа техникалық қосымшалардың жобаларын ұсынуға құқылы. 4. Техникалық қосымшаларға ұсынылған түзетулер мен жаңа жобаларды Yкiметаралық Комиссия қарайды. 11-бап Өзгерістер мен толықтырулар енгізу 1. Тараптардың келісімiмен Негізгі Келісімге Негiзгi Келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын Хаттамамен ресiмделетiн өзгерістер мен толықтырулар енгізілуi мүмкiн. 2. Өзгерістер мен толықтырулар туралы хаттаманың күшiне енуi Негiзгi Келісім күшiне енген тәртiпте жүзеге асырылады. 12-бап Дауларды шешу 1. Тараптар арасындағы Негiзгi Келісімдi қолдануға, түсiндiруге, бұзуға немесе тоқтатуға байланысты туындайтын және келiссөздер жүргiзу жолымен шешiлуi мүмкiн емес кез келген дауларды, келiспеушiлiктердi немесе талаптарды кез келген қатысты Тарап Yкіметаралық Комиссияның қарауына бередi. 2. Yкiметаралық Комиссия шеше алмайтын кез келген даулар, келiспеушiлiктер немесе талаптар барлық қатысты Тараптардың өтiнiшi бойынша тиiстi халықаралық немесе төрелiк сотқа немесе өзiнiң құзыретi шегiнде шешу үшiн Гаагадағы Халықаралық Сотқа тапсырылатын болады. 13-бап Күшiне енуi 1. Негiзгi Келісімнiң 15-бабында көрсетiлген Депозитарийге Тараптардың өздерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес тиiстi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы төртiншi мәлімдеме тапсырылғаннан кейiн Негiзгi Келісім 30 күннен соң күшiне енедi. 2. Қалған Тараптар үшiн Негiзгі Келісім олар Депозитарийге өз ұлттық заңдарына сәйкес тиiстi мемлекетішілiк рәсiмдердi орындағаны туралы хабарлама тапсырғаннан кейін 30 күннен соң күшiне енедi. 14-бап Келісімге қосылу 1. Негiзгi Келісім кез келген Мемлекеттiң қосылуы үшiн ашық. 2. Қосылу туралы құжат, осындай қосылуға бүкiл Тараптардың келісімi болса, Негiзгi Келісімнің 15-бабында көрсетiлген Депозитарийге сақтауға тапсырылады. 3. Қосылған Мемлекеттер үшiн Келісім қосылу туралы құжат Депозитарийге тапсырылғаннан кейін 30-күнi күшiне енедi. 4. Экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымдары Негiзгi Келісімге қауымдастырылған мүшесi ретiнде кіруi мүмкiн. 5. Yкiметаралық Комиссия экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымдары осы Келісімнiң Тараптарымен қауымдастыққа кіруi мүмкiн шарттарды әзiрлей алады. 15-бап Депозитарий 1. Әзiрбайжан Республикасы Негiзгi Келісімнiң Депозитарийi болып табылады, ол Негiзгi Келісімге қол қойған Тараптарға оның сендiрiлген көшiрмелерін жiбередi. 2. Депозитарий басқа Мемлекеттердiң қосылуы туралы және кез келген Тарапқа қатысты Негiзгi Келісімнiң күшi тоқтатылғаны туралы Тараптарға хабарлайды. 16-бап Қолданыста болу мерзiмi 1. Негiзгi Келісім 10 жылдық мерзiмге жасалды. Негiзгi Келісімнің қолданыста болуы, егер Тараптар өзгеше туралы хабарламаса, келесi бес жылдық мерзiмдерге ұзартылады. 2. Негiзгi Келісімнiң қолданыста болуы, егер Тарап кемiнде алты ай бұрын өз аумағында оның күшiн тоқтату туралы Депозитарийге жазбаша хабарламаса, осы Тараптың аумағында тоқтатылуы мүмкiн. 3. Негiзгi Келісімнiң қосымшаларына сәйкес қол қойылған шарттар, келісімдер және басқа да уағдаластықтар бойынша мiндеттемелер Негiзгi Келісімнiң қолданыста болуы тоқтатылғаннан кейiн де, толық орындалғанға дейiн күшін сақтап қалады. Баку қаласында 1998 жылғы 8 қыркүйекте бiр түпнұсқа данада орыс және ағылшын тілдерiнде жасалды, екi мәтiн де түпнұсқасымен тең құқылы болып табылады. Осыларды куәландыру ретiнде, төменде қол қойған мемлекет және үкiмет Басшылары немесе олардың өкiлеттi өкiлдерi қоса берiлген ескертпелерi кiретiн осы Негiзгi Келісімге қол қойды. Әзербайжан Республикасы үшін Молдова Республикасы үшiн Армения Республикасы үшін Румыния үшін Болгария Республикасы үшiн Тәжiкстан Республикасы үшiн Грузия үшін Түрiк Республикасы үшiн Қазақстан Республикасы үшін Өзбекстан Республикасы үшiн Қырғыз Республикасы үшiн Украина үшін Әзербайжан Республикасының Еуропа-Кавказ-Азия дәлiзiн дамыту жөніндегі халықаралық көлiк туралы негiзгi көпжақты келісімге ескертпесi 1. Әзербайжан Республикасы "Еуропа-Кавказ-Азия дәлiзiн дамыту жөніндегі халықаралық көлiк туралы негiзгi көпжақты келісімде" және оның Техникалық Қосымшаларында баяндалған ешбiр құқықтарды, мiндеттер мен ережелердi Әзербайжан Республикасы солар үшiн Армения Республикасының аумағы бастапқы, транзиттiк немесе соңғы аумақ болып табылатын өз аумағы арқылы тасымалдарға қатысты қолданбайтынын мәлiмдейдi. 2. Әзербайжан Республикасы осы Ескертпенiң 1-тармағын кез келген уақытта өзгерту немесе алып тастау құқығын өзiне қалдырады және басқа Тараптар кез келген осындай өзгерістер немесе алып тастау туралы жазбаша хабарланатын болады. Әзербайжан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының Еуропа-Кавказ-Азия дәлiзiн дамыту жөніндегі халықаралық көлiк туралы негiзгi көпжақты келісімге ескертпесi Халықаралық темір жол көлігі жөніндегі Техникалық Қосымшаның 4-бабының ережелері және оның 2-ескертуі Қазақстан Республикасына таралмайды. Делегация басшысы Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі Румынияның Еуропа-Кавказ-Азия дәлiзiн дамыту жөніндегі халықаралық көлiк туралы негiзгi көпжақты келісімге ескертпесi Румыния Темір жолдар жөніндегі Техникалық Қосымшаның 2-ескертуін қолданбайды. Румыния Президенті Негiзгi Келісімге халықаралық автомобиль көлiгi бойынша Техникалық Қосымша 1-бап Жалпы ережелер Осы Техникалық Қосымшаның ережелерi жүктер мен жолаушылардың: а) екiжақты, Тараптар арасындағы; б) Тараптардың аумақтары арқылы транзиттiк халықаралық автомобиль тасымалдарын реттейдi. 2-бап Анықтамалар Осы Техникалық Қосымшаның мақсаты үшiн төмендегi терминдер мыналарды бiлдiредi: 1. "Тасымалдаушы" терминi - Тараптардың бiрiнде тiркелген және қолданылатын ұлттық заңдарға сәйкес жолаушылар мен жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарын орындауға жiберiлген кез келген жеке немесе заңды тұлға. 2. "Автокөлiк құралы" терминi: - жүктерді тасымалдау кезiнде - жүк автомобилi, тiркемесi бар жүк автомобилі, автомобильдiк сүйрегiш немесе тiркемесi бар автомобильдiк сүйрегiш; - жолаушыларды тасымалдау кезiнде - автобус, яғни жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргiзушi орнын есептемегенде кемiнде 8 отыру орны бар автомобиль құралы. 3. Тасымалдаушы терминi автокөлiк құралының жүкпен немесе жүксiз жолдар бойынша, тiптi автомобиль, тiркеме немесе жартылай тiркеме бағытының бiр бөлiгi су немесе темір жол арқылы өтсе де, қозғалысын бiлдiредi. 4. "Қауiптi жүктер" терминi 1957 жылғы Автомобиль Көлiгiмен Қауiптi Жүктердi Халықаралық Тасымалдау жөніндегі Еуропалық Келісімге (ҚЖЖТ) сәйкес қауiптi деп есептелетiн жүктердi бiлдiредi. 5. "Тез бүлiнетiн жүктер" терминi 1970 жылғы Тез Бүлiнетiн Өнiмдердi Халықаралық Тасымалдау және осы тасымалдар үшiн қолданылатын Арнаулы Жабдықтар жөніндегі Келісімге сәйкес тез бүлiнетiн болып есептелетiн жүктердi бiлдiредi. 6. "Рұқсат" терминi Тараптың құзыреттi органы беретiн және екiншi Тарапта тiркелген автокөлiк құралына бiрiншi Тараптың аумағына кіруге, шығуға және транзитпен өтуге құқық беретiн құжатты білдiредi. 7. "Арнайы рұқсат" терминi Тараптың құзыреттi органы беретiн және екiншi Тарапта тiркелген автокөлiк құралына бiрiншi Тараптың аумағына немесе аумағы арқылы арнайы тасымалдар санатын жүзеге асыруға құқық беретiн құжатты бiлдiредi. 8. "Тiркеу" терминi Тарапта оның ұлттық құзыреттi органдарының талаптарына сәйкес автокөлiк құралын тiркеудi бiлдiредi. 3-бап Рынокқа кіру 1. Әрбiр Тарап екiншi Тарапта тiркелген тасымалдаушыға рұқсаты болса өз аумағындағы кез келген мекен мен екiншi Тарап аумағындағы мекен арасында немесе керi қарай, сондай-ақ өз аумағы арқылы транзитпен ешбiр негiзделмеген кiдiрiссiз немесе шектеусiз жүктердi немесе жолаушыларды тасымалдауға рұқсат бередi. 2. Тасымалдаушы үшiншi елдiң тасымалдарын Тараптың құзыреттi органдарының немесе ұйымдарының арнайы рұқсаты болса ғана жүргізуi мүмкiн. 4-бап Салмағы және өлшемдерi 1. Жүгi бар немесе жүксiз автокөлiк құралдарының салмағы мен өлшемдерi осы автокөлiк құралдарының ресми тiркеу құжаттарының шарттарына сәйкес болуы және қабылдайтын Тараптың қоятын шектеулерiнен аспауы тиiс. 2. Осы Техникалық Қосымшаға сәйкес тасымалдауды орындайтын жүгi бар немесе жүксiз автокөлiк құралының салмағы мен өлшемдерi қабылдайтын Тараптағы барынша рұқсат етiлетін шектерден асса, арнайы рұқсат болуы қажет. 5-бап Тасымалдардың арнайы санаттары 1. Қауiптi және тез бүлiнетiн жүктердi тасымалдау Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес жүзеге асырылуы тиiс. 2. Қауiптi және тез бүлiнетiн жүктердi Тараптардың аумақтары арқылы автокөлiк құралдарымен тасымалдау үшін арнайы рұқсат қажет. 6-бап Жүргiзушi куәлiктерi және техникалық жарамдылық туралы сертификаттар Бiр Тараптың құзыреттi органы берген және оның аумағында жарамды Жүргiзушi куәлiктерi, техникалық жарамдылық туралы сертификаттар және автокөлiк құралдарын ресми тiркеу құжаттары қалған Тараптардың аумағында да жарамды деп танылады. 7-бап Бұзушылықтар Тасымалдаушы Тарап осы Техникалық Қосымшаның ережелерiн бұзған жағдайда, аумағында ереже бұзушылық болған Тарап, қысқа мерзiм ішiнде ереженiң бұзылғаны туралы өзiнiң ұлттық заңдарында көзделген шараларды қабылдайтын екiншi Тарапқа хабарлауға мiндеттi. Бұл Тараптар өздерiнiң қолданған барлық жазалаушаралары туралы бiр бiрiне хабарлайды. 8-бап Қаржы мәселелерi Осы Техникалық Қосымша негiзiнде тасымалдар орындау кезiнде екiншi Тараптың аумағына әкелiнетiн кедендiк алымдардан, баждардан, салықтардан: 1) Тараптың iшкi заңдарында көзделген нормалар шегіндегі дайындаушы-зауыт белгiлеген автомобильдiң стандартты резервуарындағы отын және жағармай материалдар; 2) осы тасымалдарды орындайтын бұзылған автокөлiк құралдарын жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер мен құралдар өзара босатылады. Пайдаланылмаған қосалқы бөлшектер қайтадан әкетуге жатады, ал ауыстырылған қосалқы бөлшектер тиiстi Тараптардың аумағы белгiлеген тәртiпте кейiн әкетiлуi, жойылуы және тапсырылуы тиiс. Негiзгi Келісімге халықаралық темір жол көлiгi бойынша Техникалық Қосымша 1-бап Жалпы ережелер Осы Техникалық Қосымшаның ережелерi жүктер мен жолаушылардың: а) екiжақты, Тараптар арасындағы; б) Тараптардың аумақтары арқылы транзиттiк халықаралық темір жол тасымалдарын реттейдi. 2-бап Анықтамалар Осы Техникалық Қосымшаның мақсаттары үшiн төмендегi терминдер: 1. "ұлттық темір жол компаниясы" терминi Тараптардың бiрiнде құрылған және ұлттық заңдарға сәйкес құрылған елінде халықаралық темір жол көлiгiне заңды рұқсаты бар кез-келген заңды тұлғаны білдiредi; 2. "поезд терминi Тараптардың бiрiнде тiркелген жүктер және/немесе жолаушыларды тасымалдау үшiн қолданылған және жабдықталған локомотив және/немесе вагондарды бiлдiредi; 3. "тасымалдау" терминi темір жолмен жүк және жолаушылар поездының, тiптi тасымалдаудың бiр бөлiгi су жолымен жүзеге асырылған жағдайдағы қозғалысын бiлдiредi. 3-бап Техникалық қосымшаны жүзеге асыру Осы Техникалық Қосымшаны орындау үшiн жауапты органдар осы Техникалық Қосымшаның 1-ескертуiнде санамаланған. 4-бап Жеңiлдiк шарттар мен тарифтер Жеңiлдiк шарттар мен тарифтер Негiзгi Келісімнiң 6 және 8-баптарына және осы Техникалық Қосымшаның 2-ескертуiне сәйкес анықталатын болады. 5-бап Құжаттар Тараптар тасымалдарды, экспедиторлық және басқа да қызметтердi жүзеге асыру үшiн Тараптың ұлттық тәртiптерiне сәйкес берiлген лицензияларды, сондай-ақ Тараптардың аумағы бойынша поездарды басқаруға және жетелеуге арналған куәлiктер мен басқа да құжаттарды таниды. 6-бап Ынтымақтастықтың мақсаты 1. Тараптар үкiметтiк деңгейде: а) мультимодальды қатынасты қоса алғанда, халықаралық темір жол көлiгiн дамыту; б) Тараптардың ұлттық темір жол инфрақұрылымдары арасында белгiленген темір жол қатынасын және ұлттық темір жол жүйелерiмен өзара ұйымдастырушылық басқаруды сақтау және дамыту; в) барынша жеңiлдiк жағдайларда қоймалар мен терминалдарды бiрлесе пайдалануды қоса алғанда ұлттық темір жол компаниялары мен басқа да тиiстi кәсiпорындар арасында тiкелей экономикалық қатынастар орнату; г) Тараптардың аумағында ұлттық темір жол компанияларының өкiлеттiктерiн ашу; д) ақпарат, оның iшiнде статистикалық мәлiметтермен алмасу мақсатында ынтымақтасатын болады. 2. Тараптар құзыретті органдар деңгейiнде: а) шекаралардан өту рәсiмiн жеңiлдету; б) халықаралық темір жол көлiгiн энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету; в) жеңiлдiк тарифтерi мен бiртұтас толассыз төлем бәстерi үшiн негiз ретiнде келісілген өзiндiк құнын есептеу тәсiлiн әзiрлеу; г) Тараптардың ұлттық темір жол компанияларына жататын тасымалдау жұмыстары, тиеу және түсiру, поездарды қайтарудың технологиялық параметрлерiн бұзғаны, сондай-ақ қоршаған ортаны ластанғаны үшiн жауапты жүйесiн белгiлеу; д) ұлттық темір жол компанияларының сатып алу, поездарды, контейнерлердi, жабдықтарды және техникаларды жөндеу бойынша өзара мiндеттерiн орындау; е) халықаралық оқыту стандарттары негiзiнде темір жол қызметкерлерiн оқытуды дамыту; ж) басқа Тараптың аумағында келген және қызметтiк мiндеттердi орындау кезiнде темір жол қызметкерлерiне жәрдемдесу, ал аяқ астынан ауырып немесе жарақаттанып қалғанда тегiн алғашқы медициналық көмек көрсету мақсатында ынтымақтасатын болады. Халықаралық темір жол көлiгi бойынша Техникалық Қосымшаға 1-Ескерту: Халықаралық темір жол көлiгi бойынша Техникалық Қосымшаның 3-бабына сәйкес жауапты органдар: 1. Әзербайжан Республикасы үшiн - Әзербайжан Мемлекеттік Темір Жолы; 2. Армян Республикасы үшiн - "Армян Республикасының Темір Жолы" Мемлекеттік жабық акционерлік қоғамы; 3. Болгар Республикасы үшiн - "Болгар Мемлекеттік Темір Жолдары" Ұлттық компаниясы; 4. Грузия үшiн - Темір жол көлiгi департаментi; 5. Қазақстан Республикасы үшiн - "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны; 6. Қырғыз Республикасы үшiн - Қырғыз Темір Жолы Басқармасы; 7. Молдова Республикасы үшiн - "Молдова Темір жолы" Мемлекеттік Кәсiпорны; 8. Румыния үшiн - Румыния Көлiк Министрлігі; 9. Тәжiкстан Республикасы үшiн - Тәжiкстан Темір Жолы Басқармасы; 10. Түркия Республикасы үшiн - Мемлекеттік Темір жол Әкiмшiлiгi (ТСDD); 11. Өзбекстан Республикасы үшiн - "Узбекистон темир йуллари" Мемлекеттік акционерлік темір жол компаниясы; 12. Украина үшiн - "Укрзализныця" Украин Темір Жолдары болып табылады. Халықаралық темір жол көлiгi бойынша Техникалық Қосымшаға 2-Ескерту: Халықаралық темір жол көлiгi бойынша Техникалық Қосымшаның 4-бабына сәйкес Негiзгi Келісім Тараптары үшiн мынадай жеңiлдiк шарттары мен тарифтерi қолданылады: а) тиiстi келісімдер мен шарттарда қолданылып жүрген жеңiлдiк тарифтердi қоспағанда жүктердi темір жолмен тасымалдауға толықтай қолданылып жүрген тарифтердiң 50%-iне дейiн; б) темір жол паромдарында бос вагондарды тасымалдауда толықтай қолданылып жүрген тарифтен 50% жеңiлдiк берiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |