|
|
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Бастауыш
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Бастауыш мектеп» Басылымы» мемлекеттік мекемесi «Бастауыш мектеп» жабық акционерлік қоғамына (бұдан әрi - Қоғам) қайта құру жолымен оның жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз проценттiк қатысуымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен: 1) жарғыны бекіту кезiнде Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi редакциялық, баспагерлiк, жарнамалық және ақпараттық қызметтер көрсету болып белгiленсiн; 2) Әдiлет органдарында Қоғамды мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн; 3) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiне иелiк ету мен пайдалану құқығы берілсiн; 4) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: «Алматы қаласы» бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-41-жолмен толықтырылсын: «123-41 «Бастауыш мектеп» ЖАҚ»; 2) «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына: көрсетiлген қаулыға қосымшада: «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 22-5-жолмен толықтырылсын: «222-5. «Бастауыш мектеп» ЖАҚ» 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |