Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 1362 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 27 сәуір № 568
1. "Миссионерлік қызметпен айналысатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі № 1362 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 43, 400-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі