|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 16-жол мынадай редакцияда жазылсын: «16. «Қазақстан Республикасының Жалпы бастауыш, жалпы Білім және ғылым негiзгi немесе жалпы орта министрлігі білім; кәсiптiк, оның iшiнде кәсiптер бойынша бастауыш білім; кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк, оның iшiнде мамандықтар бойынша білім беретiн заңды тұлғалардың білім беру қызметi, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың қызметi білім беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер, электронды оқулықтар мен қосымша оқу әдебиетiн басып шығару жөніндегі қызмет»; реттiк нөмiрi 35-жолдың 3-бағанындағы тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Алматы қаласының аумағындағы жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта және кәсiптiк бастауыш білім беретiн білiм беру ұйымдарының, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың қызметi». 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |