|
|
|
Тараз қаласы «Химпром» ашық акционерлік қоғамының өндірістік
ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды
Тараз қаласының «Химпром» ашық акционерлік қоғамы өндірісінің шығынсыздығына, ресурстарының тиімділігіне әрі пайдаланылуына, өнімін өткізу рыногын кеңейтуіне қол жеткізу, сондай-ақ фосфор қосалқы саласын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Конкурстық басқарушы мен инвестор «Alsotrans International Group AG» компаниясының арасындағы шартпен Тараз қаласы «Химпром» ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Химпром» ААҚ) мүлкін сенімді басқаруға алған "Химпром-2030" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - "Химпром-2030" ЖШС) бірінші және екінші кезектегі несиегерлер алдында қабылдаған міндеттемелері, сондай-ақ олардың құқықтық сабақтастығы назарға алынсын. 2. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі "Қазфосфат" ЖШС өндірістері үшін белгіленгеннен аспайтын баға мен тарифтер бойынша фосфорит кенін және темір жол жылжымалы құрамын "Химпром-2030" ЖШС өндірістік бағдарламасына үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі мүдделі министрліктермен, "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен және "KEGOC" ашық акционерлік қоғамымен (бұдан әрі - "KEGOC" ААҚ) бірлесе отырып, белгіленген тәртіппен: 1) "Химпром-2030" ЖШС-ның темір жол көлігімен жүктер тасымалдау тарифтеріне - 50%-ға; 2) "KEGOC" ААҚ желілері бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызмет көрсету тарифтеріне 50%-ға төмендетілген коэффициент белгілеу мүмкіндігін қарастырсын. 4. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "Химпром" ААҚ-тың қажетті лицензиялары мен рұқсат құжаттамасын "Химпром-2030" ЖШС-ке қайта ресімдеуді қамтамасыз етсін. 5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мәніне "Химпром-2030" ЖШС-тің инвестициялық жобасын қарасын. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары В.С. Школьникке жүктелсін. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |