|
|
|
"Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 140 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Жоба Қазақстан Республикасының Заңы Инновациялық қызмет туралы Осы Заң инновациялық қызмет саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейдi, мемлекеттік инновациялық саясатты iске асырудың негiзiн қалаушы принциптерiн, бағыттары мен нысандарын айқындайды. 1-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда қолданылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар қолданылады: мемлекеттік инновациялық саясат - инновациялық қызметтi дамытуға және ынталандыруға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық саясаттың құрамдас бөлiгi; инновациялық қызмет - нәтижелерi экономикалық өсу мен бәсекелесу қабiлеттiлiгi үшiн пайдаланылатын өндiрiстiң әртүрлi салалары мен қоғамның басқару саласында жаңа идеяларды, ғылыми білімдердi, технологиялар мен өнiмнiң түрлерiн енгiзуге бағытталған қызмет; инновация - жаңа немесе жетiлдiрiлген тауар (жұмыс, қызмет көрсету), не экономикалық айналымда пайдаланылатын жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялық процестi алу мақсатында санаткерлiк шығармашылық еңбектiң нәтижелерiн пайдалану; инновациялық бағдарлама - ресурстары, орындаушылары мен iске асыру мерзiмдерi бойынша келісілген әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешуге бағытталған инновациялық жобалар мен iс-шаралар кешенi; инновациялық жоба - инновацияға қол жеткізуге бағытталған ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжiрибелiк-конструкторлық, маркетингтiк зерттеулер мен жұмыстар, техникалық-экономикалық негiздемелер кешенiнен тұратын уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы жазбаша құжат; инновациялық инфрақұрылым - инновациялық қызмет субъектiлерiне инновациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi инновациялық қызмет көрсетулердi ұсынатын ұйымдар жиынтығы; уәкiлеттi орган - елдiң ғылыми-технологиялық даму басымдықтарына сәйкес инновациялық қызметтi реттеудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ?кіметi уәкiлеттiк берген мемлекеттік орган. 2-бап. Қазақстан Республикасының инновациялық қызмет туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының инновациялық қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 2-ТАРАУ. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТI ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 3-бап. Инновациялық қызметтiң мазмұны Инновациялық қызметке мынадай қызмет түрлерi жатады: жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiмдi, экономикалық айналымда iске асырылатын жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялық процестi құруға бағытталған ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау және қызмет көрсету; инновациялық тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткізу рыногын ұйымдастыру; технологиялық қайта жарақтандыруды және өндiрiстi дайындауды жүзеге асыру; жаңа технологиялық процестердi, тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi сынауды, сертификаттауды және стандарттауды жүзеге асыру; жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiмдi өндiрудiң бастапқы кезеңi, инновациялық жобаның өтiмдiлiгiнiң нормативтiк мерзiмiне жеткенге дейiн жаңа немесе жетiлдiрiлген технологияны қолдану; инновациялық инфрақұрылымды құру және дамыту; инновациялық қызмет нәтижелерiн насихаттау және инновацияны тарату; санаткерлiк меншiк объектiлерiне арналған құқықтарды және құпия ғылыми, ғылыми-техникалық және технологиялық ақпаратты қорғау, беру және сатып алу. 4-бап. Инновациялық қызмет субъектілері 1. Инновациялық қызмет субъектілері: инновацияны жасаушы және iске асырушы жеке және заңды тұлғалар; негiзгi қызметi инновацияны жасауға және оны өнеркәсiптiк өндiрiске беруге бағытталған инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерi (технополистер, технологиялық, өнеркәсiптiк және агроөнеркәсiптiк парктер (технопарктер), бизнес-инкубаторлар, инновациялық қорлар, орталықтар және инновациялық қызмет инфрақұрылымының басқа да ұйымдары); инновациялық қызметтi реттеуге қатысатын мемлекеттік басқару органдары; инновацияларды өндiрушiлер мен тұтынушылардың мүдделерiн бiлдiретiн және қорғайтын қоғамдық бiрлестiктер болып табылады. 2. Инновациялық қызмет субъектiлерi инновациялық жобалар мен бағдарламалардың тапсырыс берушiлерiнiң және (немесе) орындаушыларының, инвесторлардың, инновациялық қызметiн нәтижелерiн тұтынушылардың, сондай-ақ инновациялық процеске қызмет көрсететiн және инновацияларды игеру мен таратуға жәрдемдесетiн ұйымдардың функцияларын орындай алады. 3-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТIК ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРI 5-бап. Мемлекеттік инновациялық саясаттың негiзгi мақсаттары 1. Мемлекеттік инновациялық саясат отандық өнiмнiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыру, елдiң экономикалық дамуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, халықтың өмiр сүру деңгейi мен сапасын арттыру үшiн инновациялық қызметтiң басымдылығын мойындауға сүйене отырып қалыптасады және іске асырылады. 2. Инновациялық қызметтiң негiзгi мақсаттары: ғылым мен техника жетiстiктерiнiң негiзiнде тиiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуды қамтамасыз ететiн жағдайлар жасау; бәсекеге қабiлеттi экспортқа бағдарланған, импорт алмастырушы, қайта өңдеу өндiрiстерiн құруға бағытталған инновациялық бағдарламаларды iске асыру жолымен экономиканың салаларын дамыту тепе-тең теңгерiмдiлiгi; ғылым, білім, өндiрiс және қаржы-несие саласының өзара iс-қимылын қамтамасыз ету; халықтың өмiр сүру деңгейi мен жұмыспен қамтылуын арттыру болып табылады. 6-бап. Мемлекеттік инновациялық саясаттың принциптерi Мемлекеттік инновациялық саясаттың негiзгi принциптерi: Қазақстан Республикасын инновациялық даму жолына стратегиялық бағдарлау; мемлекеттік инновациялық саясатты iске асыруға бағытталған инновациялық бағдарламалар мен жобаларды мемлекеттік қолдау; мемлекеттiң инновациялық инфрақұрылымды дамытуға және инновациялық қызмет үшiн кадрларды даярлауға қатысуы; мемлекеттік тапсырыс бойынша жасалған инновацияларды сатудың кепiлдендiрiлген рыноктарын қамтамасыз ету; қайтарымды негiзде мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын республикалық мақсатты, қолданбалы ғылыми-техникалық және инновациялық бағдарламалар бойынша инновациялық жобаларды конкурспен іріктеу; инновациялық қызмет субъектiлерiнiң санаткерлiк қызметiне арналған құқықтарын қорғау; мемлекеттік, қызметтiк және коммерциялық құпия ақпаратты қоспағанда, инновациялық қажеттілiктер мен ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет нәтижелерi туралы ақпаратты тарату және жинау еркіндігі болып табылады. 4-ТАРАУ. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТI ҰЙЫМДАСТЫРУ 7-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының мемлекеттік инновациялық саясатты iске асыру жөніндегi өкiлеттiгi 1. Қазақстан Республикасының Президентi: мемлекеттік инновациялық саясаттың негiзгi басымдықтарын айқындайды; мемлекеттік деңгейдегi инновациялық бағдарламаларды бекiтедi. 2. Қазақстан Республикасының ?кіметi: мемлекеттік инновациялық саясатты айқындайды және iске асырады; мемлекеттік деңгейдегi инновациялық бағдарламаны әзiрлейдi; салалық және аймақтық инновациялық бағдарламаларды бекiтедi; республиканың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар инновациялар мен мамандандырылған инновациялық қызмет субъектiлерiн құруға қатысады; инновациялық қызметтi реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның мiндеттерiн, функцияларын және өкiлетiн айқындайды; қайтарымды негiздегi инновациялық бағдарламаларды мақсатты қаржыландыруды қамтамасыз етедi. 3. Уәкiлеттi орган: елдiң инновациялық даму болжамын әзiрлейдi; инновациялық қызметтi дамыту жөнiнде мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады; инновациялық бағдарламаларды әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекiтуге ұсынады. республиканың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар инновациялар мен мамандандырылған инновациялық қызмет субъектiлерiн құруға бастамашы болады; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инновациялық қызметтi қаржыландыру және ынталандыру, инновацияны құруға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердiң жобасын әзiрлейдi; республикалық инновациялық қордың қаражаты есебiнен қайтарымды негiздегi инновациялық жобаларды iрiктеу мен қаржыландыру үшiн ережелер мен үлгілiк құжаттардың нысандарын, инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн құру мен ресурстық қамтамасыз етудiң тәртібін бекiтедi; инновациялық қызмет саласында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 4. Орталық атқарушы органдар: өзiнiң өкiлеттiктерi шегiнде мемлекеттік инновациялық саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi; салалық деңгейдегi инновациялық бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады және оларға құқықтық, ұйымдастырушылық және басқа да қолдау көрсетедi. 5. Жергiлiкті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құқықтардың шегiнде: аймақтық деңгейдегi инновациялық бағдарламаларды әзiрлейдi және іске асырады және оларға құқықтық, ұйымдастырушылық және басқа да қолдау көрсетедi; инновацияларды және инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн құруға қатысады. 8-бап. Инновациялық бағдарламаларды қалыптастыру 1. Мемлекеттік деңгейдегi инновациялық бағдарламалар елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-технологиялық дамуының басымдықтары ескерiле отырып, инновациялық даму болжамы негiзiнде қалыптастырылады және: елiмiздiң экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар инновацияларды құру кезеңiнде мемлекеттік қолдауды; инновациялық инфрақұрылымның қалыптасуы мен дамуын; инновацияны өндiрушiлер мен тұтынушылардың деректер банкi мен бiрыңғай ақпараттық әкелісін ұйымдастыруды; инновациялық қызмет субъектiлерiн ынталандыру жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеудi көздеуi тиiс. 2. Аймақтық деңгейдегi инновациялық бағдарламалар аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары негiзiнде жасалады және инновациялық инфрақұрылым мен инновациялық әлеуеттi дамытудың кадрлар дайындығын қоса алғандағы негiзгi басымдықтарын, инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн ынталандыру нысандары мен тәсiлдерiн белгiлейдi. 3. Салалық деңгейдегi инновациялық бағдарламалар мемлекеттік экономикалық, өнеркәсiптiк және ғылыми-техникалық саясаттың басымдықтарынан туындай отырып қалыптастырылады әрi экономика салаларын дамытуды тепе-теңдiкке келтiруге, экспортқа бейiмделген, импортты алмастыратын, қайта өңдеушi өндiрiстердi құруға бағытталуы тиiс. 4. Инновациялық бағдарламалар инновациялық жобалар мен инновациялық инфрақұрылымды дамыту жобаларын конкурстық iрiктеу негiзiнде қалыптастырылады. 5. Инновациялық бағдарламаларды қалыптастыру кезiнде инновациялық қызмет субъектiлерiнiң инновацияны жасауға конкурстық негiзде мемлекеттік тапсырысты орналастыруын көздейдi. 6. Инновациялық бағдарламаларды өзара ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық, өндiрiстiк, ақпараттық және инновациялық жобаларды іске асыру үшiн қажеттi басқа да қызмет түрлерi арқылы байланысты инновациялық қызмет субъектiлерi iске асырады. 7. Қаржыландырылуы (бiрлесiп қаржыландырылуы) мемлекеттік бюджет қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады деп болжанатын инновациялық бағдарламаларды Қазақстан Республикасының ?кіметi бекiтуi тиесiлi. 9-бап. Инновациялық қызметтi қаржыландыру 1. Инновациялық қызметтi қаржыландыру (бiрлесiп қаржыландыру): республикалық және өзге де инновациялық қорлар қаражатының; инновациялық қызмет субъектiлерiнiң жеке өз қаражатының; сыртқы көздерден инновациялық қызмет субъектiлерi тартатын қаражаттың; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджет қаражатының; халықаралық қаржы ұйымдары мен қорлар қаражатының; Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де көздер қаражатының есебiнен жүзеге асырыла алады. 2. Инновациялық қызмет пен инновациялық инфрақұрылымның мемлекеттік субъектiлерiнiң қызметi инновациялық қызметтi мемлекеттік қолдауға жыл сайын көзделетiн қаржының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы алатын мақсатты қарыздың, мемлекеттік заттай гранттардың шегiнде республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады. 10-бап. Инновацияны жасауға арналған мемлекеттік тапсырыс Инновацияны жасауға арналған мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру мемлекеттік инновациялық саясаттың басымдықтарына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi бекiтетiн бағдарламалар шеңберiнде жүзеге асырылады. 5-ТАРАУ. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ 11-бап. Инновациялық қызмет субъектілерінің халықаралық ынтымақтастығы Инновациялық қызмет субъектілері халықаралық ұйымдарға өз бетінше кіруге, халықаралық инновациялық бағдарламалар мен жобаларға қатысуға, шетелдік заңды және жеке тұлғалармен Қазақстан Республикасында да, сол сияқты одан тыс жерлерде де инновациялық қызметті жүзеге асыруға арналған шарттар (келісім-шарттар) және өзге де келісімдер жасасуға құқылы. Қазақстан Республикасының Президенті
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |