|
|
|
«Қазақстан Республикасында Мемлекеттік сатып алу жүйесін дамытудың
Мемлекеттік органдардың, өзгеде мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындардың және акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінетін қаражаттарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу жүйесін дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған тұжырымдамасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеті бір айдың ішінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу жүйесін дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған бағдарламасының жобасын әзірлесін және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 қазандағы № 1319 қаулысымен мақұлданған
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жүйесін дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған тұжырымдамасы
1. Кiрiспе
Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу жүйесiн қалыптастыру 1996 жылы мемлекет мұқтаждары үшiн сатып алуды жүргiзудiң нақты рәсiмдерiн алғаш рет белгiлеген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бiрқатар қаулылары қабылданған кезден басталды. Мемлекеттік сатып алу процесiн және осы процестердi бақылайтын мемлекеттік құрылымдарды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жасау мемлекеттік мұқтаждар үшiн тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға бағытталатын бюджет қаражатын жұмсаудың тиiмдiлiгiн арттыру қажеттiлiгiнен туындаған болатын. 1997-2000 жылдары қабылданған шаралар тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу көлемiнiң едәуiр ұлғаюы жағдайында мемлекеттік сатып алу процестерiн ұйымдастыруды қамтамасыз ете алған мемлекеттік сатып алудың жүйесiн қалыптастыруға мүмкiндiк бердi. Қазiргi уақытта ортаның өзгеріп отырған факторларын ескере отырып, мемлекеттік сатып алу саласын басқару мен ұйымдастырудың тәжiрибесi негізiнде әзiрленген бағдарламалық құжаттарды жасау арқылы мемлекеттік сатып алу жүйесiн одан әрi дамытудың негізгі бағыттары мен болашағын анықтаудың қажеттiлiгi пайда болды. 2. Мемлекеттік сатып алу саласының қазiргі жай-күйi
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі шаралар туралы» 1998 жылғы 28 қаңтардағы № 3834 Жарлығына сәйкес стратегияның бiрi ретiнде "Салық және бюджет саясатының тиiмдiлiгін арттыру және бюджеттік тапшылықты инфляциялық емес қаржыландыру" сияқты осындай басымдықты iске асыру мемлекеттік шығыстарды ұтымды етудi көздейдi. Мемлекеттік шығыстардың құрылымында мемлекеттiң мұқтаждары үшiн сатып алу елеулi орын алатындықтан, аталған мақсатты iске асырудың бiр жолы мемлекеттік сатып алу процесiн үйлестiру мен мониторинг жүргiзу процеске қатысушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру, осы процесті реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны әзiрлеу болып табылады. 1998-2000 жылдар кезеңiнде мемлекеттік сатып алудың көлемi 61,3 млрд. теңгеден 179 млрд. теңгеге дейiн өстi, 2001 жылы 235 млрд. теңге сомасында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Егер 1998 жылы сатып алу көлемi 33,6 млрд. теңге болатын 3166 конкурс өткiзiлген болса, ал 1999 жылы - 51,5 млрд. теңгенiң сомасында 4491 конкурс, ал 2000 жылы сатып алу көлемi 100,9 млрд. теңге болатын 5919 конкурс өткiзiлдi. Бұл ретте, осы уақыт iшiнде бюджеттік қаражаттың шартты үнемделуi шамалы ғана 1998 жылғы 3,1 млрд. теңгеден 2000 жылы 5,1 млрд. теңгеге ғана өстi. Бұл, көбiнесе мынаған байланысты болды: талданып отырған уақыт кезеңiнде уәкiлеттi органның ресурстық мүмкiндiктерi iс жүзiнде арта қойған жоқ. Тұтас алғанда, Қазақстандағы мемлекеттік сатып алу жүйесiн дамыту жөніндегі жұмыстарға оң баға бере отырып, сарапшылар сонымен бiрге мемлекеттік сатып алу жүйесінің тиiмдiлiгiн арттыру Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алуды реттеу, болжамдау және әкiмшілiк жүргізу үшiн құқықтық және институционалдық базаны күшейтумен бiрге жүргізiлуi тиiс. Бүгінгi таңда, мемлекеттік сатып алу жөнiндегі заңнамалық және әдiснамалық база, уәкiлетті органның біліктi қызметкерлерi, бюджеттік бағдарламалары бар барлық әкімшілерiнің жинақталған жұмыс тәжiрибесi сияқты осындай факторлардың болуы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу жүйесiн одан әрi дамыту тұжырымдамасын әзiрлеуге мүмкiндiк бередi. 3. Проблемалар және оларды тұжырымдамалық шешудiң қажеттiлігін негіздеу
Мемлекеттік сатып алу процесінің ұйымдастырылуына талдау жасау, өткен кезеңдерде өткiзiлген конкурстардың қорытындылары, тапсырыс берушiлер болсын, сол сияқты ықтимал берушiлер болсын түсiнiктеме беруге жасаған көптеген өтiнiштерi қолданылып жүрген заңнамамен реттелмейтiн көптеген мәселенің бар екендiгiн көрсеттi, мұның өзi өткiзiлген конкурстардың жеткiлiктi ашық еместiгiне және қол жете бермейтiнiне, оларды өткізу кезiнде нақты бәсекелестiктiң болмауына байланысты проблемалар туғызып отыр. Мұның бәрi, конкурстық рәсiмдердің бұзылуына, жарияланған конкурстардың өткiзiлмеуiне септігін тигiзедi және осының салдарынан бiр көзден ғана сатып алу жасауға әкеліп соғады. Бұл ретте, әдетте, бiр көзден сатып алу кезiнде бағалар конкурстық негізде сатып алу негiздегіден гөрi әлде қайда жоғары. Сонымен, мемлекеттік сатып алу жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттырудың бүгiнгi күнгі кезеңiнде мынадай анықталған проблемаларды шешуге тұжырымдамалық көзқарасты талап етедi: - мемлекеттік сатып алу процесiнiң барлық кезеңiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаның жетiлдiрiлмегенi; - бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердің номенклатурасын, көлемiн, оларды берудің мерзiмдерiн, сондай-ақ сатып алу тәсiлдерiн жоспарлаудың сапасының төмен деңгейi; - конкурстық комиссия мүшелерiнiң, тапсырыс берушiлер мен конкурстарды ұйымдастырушы жауапты адамдардың біліктiлiгiнiң жеткiлiксiздiгі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу процесiнде орын алған сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар; - ықтимал өнiм берушiлердің өткiзілетiн мемлекеттік сатып алу туралы нашар хабардар болуы және олардың соларға қол жеткізуiнiң шектеулiлігі; - жергілiктi бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң сатып алу көлемiнiң ұлғаюы және уәкiлеттi органның аумақтық құрылымдарының болмауы; - мемлекеттік сатып алуға жұмсалатын бюджеттік қаражатты пайдаланудың мониторингі мен талдаудың автоматтандырылған жүйесiнiң болмауы. Жоғарыда санамаланған проблемалар, сондай-ақ әдiснамалық және түсiндiрмелiк жұмыстардың әлсiз болуы, бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiнiң қызметкерлерi болсын, сол сияқты ықтимал берушiлердiң қызметкерлерi болсын консультация алуға және оқуға мүмкiндiгi болмауы бүкiл мемлекеттік сатып алу жүйесiнiң республиканың экономикасындағы өзгерiстерге уақытында және барабар ден қоюына және мемлекеттік сатып алудың заңнамалық рәсiмдерiн бұзудың көптеген фактiлерінің жолын кесуге дайын болмауына әкеліп соғады. 4. Мемлекеттік сатып алу жүйесiн дамытудың негізгі жолдары
Мемлекеттік сатып алу елдiң тiршiлiгiнiң аса маңызды салаларын ескере отырып, мемлекеттік сатып алу жүйесiн жетiлдiру және оның тиiмдi жұмыс iстеуi көкейкестi проблема болып табылады. Осыны негізге ала отырып, осы Тұжырымдаманың басты мақсаты өзгеріп отырған iшкi және сыртқы жағдайларға сәйкес келуi барабар ден қоюы тиiс мемлекеттік сатып алу жүйесiн дамытудың жолдарын анықтау болып табылады, бұл ретте мемлекеттік бюджеттiң, мемлекеттік кәсiпорындардың және акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың қаражаттарын оңтайлы және тиiмдi жұмсау қамтамасыз етіледi. Мемлекеттік сатып алу жүйесiн одан әрi дамытудың жолдарын анықтаған кезде оның бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауды жетiлдіру, бәсекелестiктi дамыту және шағын бизнестi қолдау, ақпараттық технологияларды енгізу, аймақтық дамыту мәселелерiмен өзара тығыз байланысты екендiгiн ескерген жөн. Қазақстанда мемлекеттік сатып алудың қазiргі негізгі проблемаларын және тұтас алғанда экономикалық жүйенiң даму үрдiстерiн талдау орташа мерзiмдi болашақта мемлекеттік сатып алу жүйесiн жетiлдiрудiң мынадай негiзгі жолдарын анықтауға мүмкiндiк бердi: - мемлекеттік сатып алудың негiзгi әдiсi ретiнде конкурстарды ұйымдастыру мен өткізу процестерiн жiтi регламенттеуге бағытталған "Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа заңның жобасын және тиiстi нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу арқылы заңнамалық базаны жетiлдiру, осы сатып алудың ашықтығы және қол жеткізуге оңайлығы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, өздерi билiк ететiн ақшаның есебiнен мемлекеттік кәсiпорындардың, сондай-ақ акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлік қоғамдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алуға заңның күшiн қолдануды кеңiнен тарату; - қажеттi ресурстармен уәкiлетті органды институционалдық нығайту, бұл мемлекеттік органдардың, өзге де мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсiпорындардың және акционерлік қоғамдардың жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуларын үйлестiру, мониторингi мен бақылау жөніндегі жұмыс көлемiнiң едәуiр артуымен жұмыс iстей алуына мүмкiндiк бередi. 1997-2000 жылдар кезеңiнде мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен сатып алудың жалпы көлемiндегі жергіліктi бюджеттердiң үлесi 1997 жылғы 39%-дан 2000 жылғы 64%-ға дейiн едәуiр өстi. Жергіліктi бюджет бағдарламалары әкiмшiлерінің сатып алу көлемiнің ұлғаюы және жергiлiктi жерлерде тиiстi әдiснамалық жұмыстардың, оқытудың және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамамен көзделген рәсiмдердің дұрыс орындалуын бақылаудың болмауы бүгiнгi таңда жұмыс iстеп отырған мемлекеттік сатып алу жүйесiнiң кемшiлiгi болып табылады, сондықтан қазiргi уақытта рәсiмдердiң дұрыс орындалуын қамтамасыз етудiң мүмкiн тәсiлдерінің бiрi - уәкiлеттi органның аумақтық басқармаларын құру болып табылады; - мемлекеттік сатып алудың есептiлiгi пен мониторингiнiң, сондай-ақ уәкiлеттi органның Web-сайтын құру және қолдау арқылы қазiргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізу. Мониторингтің автоматтандырылған жүйесi жүргізiлген сатып алудың нәтижелерiн жинауға және талдауға мүмкiндiк берiп қана қоймайды, сондай-ақ жоспарланып отырған сатып алу туралы бүкiл ақпаратты, алдағы уақытта өткiзiлетiн конкурстар, конкурстық құжаттамалар және т.б. туралы хабарландыруларды қамтиды, мұның өзi уәкiлеттi органға мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында жол берiлетiн барлық тәртiп бұзушылықтарға конкурстық құжаттамаларды даярлау кезеңiнде-ақ жедел ден қоюға мүмкiндiк бередi. Бұл барлық ықтимал берушiлердiң мейлiнше хабардар болуына, ашықтығына және қол жеткізудi оңайлатуға жағдай жасайды және iс жүзiнде шынайы бәсекелестiктi қамтамасыз етедi. Болашақта мемлекеттік сатып алу мониторингінің автоматтандырылған жүйесi басқа да мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерiмен бiрлесе отырып, мемлекеттік бюджеттiң атқарылуына жауап беретiн мемлекеттік органдардың бiрiктiрiлген ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесінің бiр бөлiгiне айналуы тиiс. Автоматтандырылған жүйенiң ақпараты негiзiнде мемлекеттік сатып алу жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң паспорты әзiрленедi, мұнда тұрақты жүйелі талдаудың негiзiнде негізгi проблемаларды және кейiннен уәкілеттi органның тарабынан консультациялар үшiн жол берiлген қателіктердi баса көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу саласындағы олардың қызметiнiң нәтижелерi көрсетіледi; - мемлекеттік сатып алу жүйесiнде жұмыс iстеу үшiн оқыту, біліктіліктi көтеру және аттестаттау жүйесiн ұйымдастыру арқылы кадрлар даярлау. Таяу уақытта конкурстық комиссиялардың мүшелерi мен мемлекеттік сатып алу мәселесiмен айналысатын мамандандырылған құрылымдардың қызметкерлерi үшiн оқу ұйымдастыру, ал болашақта мемлекеттік кәсіпорындар мен акцияларының мемлекеттік пакетi мемлекеттік тиесілі акционерлік қоғамдарда мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың күшiн қолдануға байланысты осы салада мамандар даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырысты енгізу туралы мәселе пысықталатын болады; - электрондық сауда-саттықтар жүйесiн құруға және енгізуге дайындық. Болашақта конкурстық негiзде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу саласында электрондық аукциондар және тендерлер тетiгiн енгізу қағаз құжат айналымын едәуiр қысқартуға мүмкiндік бередi, сатып алу процесiн неғұрлым жария және ашық етедi. Жоғарыда айтылған мiндеттердi шешу мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізудегі бүгiнгi күнi орын алған кемшiлiктердi жоюға жәрдемдеседi, электрондық сауда-саттықтардың қазiргі заманғы инфрақұрылымын құруға жағдай жасайды, сондай-ақ Қазақстанның алдағы уақытта Дүниежүзілiк Сауда Ұйымына (ДСҰ) кiруiне байланысты мемлекеттік сатып алу жүйесiн бейiмдеу проблемасын шешуге көмектеседi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |