Қазақстан Республикасында автомобильдiк инкассаторлық тасымалды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 110 Қаулысы (2018.29.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 159 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында автомобильдiк инкассаторлық тасымалды ұйымдастырудың бiрыңғай тәртібін белгiлеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасында автомобильдiк инкассаторлық тасымалды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсiн және Нұсқаулық пен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн. 2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.): 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасында автомобильдiк инкассаторлық тасымалды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 2) мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасында автомобильдiк инкассаторлық тасымалды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты Ұлттық Банктiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, филиалдарына, екiншi деңгейдегi банктерге және банкноттарды, металл ақша мен құндылықтарды инкассациялау және жөнелту қызметiмен шұғылдану құқығы берiлген Ұлттық Банктiң лицензиясы бар заңды тұлғаларға жiберсiн. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ішкі әскерлер қолбасшысы 2001 жылғы 17 сәуірде № 1072 «Келісілді»
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 110 қаулысымен бекітілді
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|