|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының автожол саласын одан әрi дамыту мақсатында қаулы етемін: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Yкіметі бiр ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын әзiрлеп, бекiтсiн. 3. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі бақылау мен үйлестiру Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне жүктелсiн. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының автожол саласын одан әрi дамыту мақсатында қаулы етемін: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Yкіметі бiр айлық мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн. 3. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі бақылау және үйлестiру Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне жүктелсiн. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы "___"______ N __ Жарлығымен БЕКIТIЛГЕН Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 1. Бағдарламаның паспорты Атауы Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Әзiрлеу үшiн "Қазақстан Республикасының автожол саласын негiз дамытудың 2001-2008 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 мамырдағы № 726 қаулысы. Негізгі Қазақстан Республикасының Көлiк және әзiрлеушi коммуникациялар министрлігі. Мақсаты Автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдар кезеңіне арналған мемлекеттік саясаты басымдықтарын айқындау. Мiндеттерi 1) жалпы пайдаланыстағы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының (бұдан әрi - халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар) негiзгi бағыттарын және оларды модерлендiру жөніндегі жұмыстар көлемiн анықтау; 2) автомобиль жолдарын басқару мен қаржыландыру жүйелерiн жетiлдiру және бөлiнетiн ресурстарды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру; 3) озық технологияларды енгізу, жол жұмыстарының сапасын, қозғалыс қауiпсiздiгiн, жол бойындағы автосервис деңгейiн арттыру, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі iс-шаралар кешенiн орындау; 4) автожол саласы қызметiнiң нормативтiк құқықтық базасын жетілдiру. Бағдарламаны 1) жүк тасымалы қауырт бағыттарда бұзылған іске асырудың жол учаскелерiн оңалту, апатты көпiрлердi қайта негiзгі бағыттары жаңарту, транзиттік бағыттарда жекелеген жол учаскелерiн салу; 2) жолдарды алдын ала ағымдық жөндеу, сондай-ақ жазғы-қысқы күтiп ұстау жөніндегі жұмыстардың көлемiн ұлғайту; 3) жалпы пайдаланыстағы автомобиль жолдары желісін дамытуды жергiлiктi атқарушы органдармен үйлестiру; 4) жолдардың жай-күйiн әзірлеу деңгейiн көтеру, баға түзілiмiн жетiлдiру, жол жұмыстарына тапсырыстарды конкурстық орналастыру негiзiнде қаражатты неғұрлым тиiмдi жұмсау; 5) автомобиль жолдары құрылысы, жөндеу және күтiп ұстау iсінде озық технологияларды, материалдар мен тетiктердi енгізу; 6) жөндеу - құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау жүйесiн жетiлдiру; 7) жол бойындағы автосервистi дамыту, қозғалыс қауiпсiздiгiн арттыру, қоршаған ортаны қорғау; 8) әлемдiк практикаға сәйкес республиканың автожол саласы қызметiнiң нормативтік құқықтық базасын жетiлдiру. Қаржыландыру Бюджет көздерi. Халықаралық және республикалық көздерi мен көлемi маңызы бар автожолдарға шығыстар сомасы 2001- 2005 жылдары - 254 902,3 млн. теңге немесе 1 577,9 млн. АҚШ долларын құрайды. Күтiлетiн Бағдарламаның орындалуы: нәтижелер 1) халықаралық және республикалық маңызы бар 16 133 км автожолдарды салуға, оңалтуға және жөндеуге мүмкiндiк бередi, мұның өзi төсемдерi бүлiнген жол учаскелерiн қалпына келтiруге әрi халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдардың 70%-ның техникалық - пайдаланылу жай-күйiн жақсартуға; 2) жол жұмыстарында жұмыс орындарының санын 32-35 мың адамға дейiн өсiруге мүмкiндiк бередi. Бұл ретте (құрылыс материалдары, жол белгiлерi, автокөлiк қызметi, жобалық жұмыстар және т.б.) жол жұмыстары үшiн өз өнiмдерiн және қызметтерiн берiп отыратын басқа салалардың кәсiпорындарында жұмыспен қамту артады; 3) әлемдiк практикаға мейлiнше жуықтата отырып, автожол саласының қазiргi заманғы жағдайлардағы қызметiнiң негiзгi принциптерiн айқындайтын нормативтiк құқықтық құжаттар әзiрлеуге; 4) өнiмнiң өзiндiк құнындағы көлiк шығындарын 10-20%-ға төмендетуге мүмкiндiк бередi, бұл отандық тауар өндiрушiлердiң экспорттық әлеуетiн арттыруға ықпал етедi; 5) автожол кешенi қызметiнiң сапалық деңгейiн жақсартуға; 6) республика аумағы арқылы өтетiн халықаралық бағыттардың транзиттiк әлеуетi мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға; 7) экономикалық перспективалы аймақтарды жедел игеруге жәрдемдесуге; 8) автомобиль көлiгiнiң жұмысымен байланысты зиянды заттардың түзiлуiн төмендетуге; 9) автомобиль жолдарының жұмылдыру даярлығын көтеруге мүмкiндiк бередi. 2. Кiрiспе Бағдарлама Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 29 мамырдағы № 726 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Автожол саласын дамытудың 2001-2008 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2030 жылғы кезеңге арналған Даму стратегиясында белгiленген автомобиль жолдары саласындағы басымдықтар ескерiле отырып әзiрлендi. Бағдарламада 2001-2005 жылдардағы кезеңде халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жүк тасымалы қауырт учаскелерiнiң техникалық жай-күйiн қалпына келтiру, апатты көпiрлердi қайта жаңарту жөнiнде түбегейлi шаралар көзделедi. Бюджеттік қаржыландыру көлемiн арттыру әрi автожол саласының нормативтiк, құқықтық және қаржылық базасын күшейту тәрiздi алда тұрған мiндеттердiң деңгейi мемлекеттiң тiкелей қатысуын талап етедi. Тұтас алғанда проблеманың сан қырлылығы, салада алда тұрған өзгерістер санының көптiгi (ұдайы оң нәтижелi бола бермейтiн) Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарын дамытудың дәйектi мемлекеттік саясатының қажеттiгiн дәлелдейдi. 3. Мәселенiң бүгiнгi таңдағы жай-күйiн талдау Республика экономикасындағы автомобиль жолдары Автомобиль жолдары - Қазақстанның көлiк-коммуникациялық кешенiнiң маңызды элементтерiнің бiрi, оның тиiмдi жұмыс iстеуi және тұрақты дамуы бүгiнгi таңдағы жағдайда экономиканың өрлеуiне, халықтың тұрмыс жағдайының деңгейiн көтеруге және жақсартуға көшудiң маңызды факторына айналып отыр. Темір жолдар мен су жолдарының салыстырмалы сиректiгi жағдайында Қазақстанда автомобиль жолдары басым, ал көптеген аймақтар үшiн тауарлар, құрылыс және агроөнеркәсiп жүктерi келiп түсетiн, өнiмдер әкетiлетiн, жолаушы тасымалдары жүзеге асырылатын бiрден бiр қатынас құралы болып табылады. Нарықтық жағдайда жүк жеткізудi жеделдету және олардың басы бүтiндiгi аса маңызды факторларға айналады. Осы орайда жүк жөнелтушiлер, әсiресе жекеше сектор, қысқа жүк тасылымы аймағында (300 километрге дейiн) ғана емес, сонымен қатар үлкен қашықтықта (1500 - 2000 километр) да автомобиль көлiгiне қайта бағдарлана бастады. Өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң, шағын және орта бизнестiң дамуына орай облысаралық тасымалдар, сондай-ақ iргелес мемлекеттермен байланыстар артуда. Қазақстанның Еуразия құрлығының кiндiгiнде орныққан географиялық жағдайы Азия-Еуропа қатынасындағы қалыптасып келе жатқан трансқұрлықтық бағыттардың көлiк магистральдарын пайдалану үшiн қолайлы алғышарттар туғызады, олардың көпшілігi өзiне қазақстандық автожол желісінiң учаскелерiн қамтиды. Халықаралық талдау орталықтарының бағалауынша, Оңтүстiк Шығыс және Шығыс Азия-Еуропа бағыттарындағы транзиттiк ағындар 330-400 миллиард АҚШ долларына бағаланады. Бұл ретте транзиттiк ағындардың 20%-ға жуығы темір жол және автожол бағыттарымен Ресей Федерациясы және Қазақстан аумағы арқылы өтуi тиiс деп көзделедi. Транзиттiк тасымалдар үшiн алынатын алымдар - тiкелей бюджет кiрiсi болып табылады. Экономиканы дамыту мiндеттерi қуатты көлiк - коммуникация желісін құрып, модерлендiрудi талап етедi. Осы тұрғыда: халықаралық нарықтарға жаңа көлiк схемаларын тарту; көлiк магистральдарын модерлендiру; "Батыс- Шығыс" және "Солтүстiк-Оңтүстiк" бағытында схемаларды белсендiрек тарту; Каспий инфрақұрылымын озық қарқынмен тарту; "Алматы-Астана" автожолын қайта жаңартуды белсендiрек жүргiзу алда тұр. 2000 жылдың соңына республикадағы автокөлiк құралдарының паркi 1,3 миллион бiрлiктi құрады. Жеңiл автокөлiк саны 1000 тұрғын адамға шаққанда 68 автомобильге дейiн жеттi және ұлғая түсуде. Сонымен бiрге автомобиль жолдарының техникалық деңгейінің төмендiгiнен, жекелеген көпiрлердiң апатты жағдайынан, қалаларға кiреберiс жолдардағы шамадан тыс нөпiрден автомобильдердiң жылдамдық мүмкiндiктерi iске қосылмайды, жанармай 1,3 - 1,5 есе көп шығындалады, жылжымалы құрамды жөндеу және қызмет көрсету шығындары 2,5 - 3,4 есе өседi, автомобильдердiң қызмет ету мерзiмi 20-30%-ға қысқарады. Осының бәрi кәсiпорындар мен тұрғын халық үшiн тауарлар, жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтер құнындағы көлiк шығынын көбейтедi. Көлiктен тыс салада да, әсiресе агроөнеркәсiптiк секторда өнiмдi тасымалдау кезiнде бүлiнуi мен жоғалуы (картоп, көкөнiс, қызылша, сүт массасынан, малдың тiрiдей салмағынан 5-7%), сондай-ақ бұзылған автомобиль жолдары бойымен жылжитын автомобильдердiң егiн алқаптарын құртуы мен шаңға бөктiруi салдарынан орынсыз шығындар көп. 2000 жылдың басында Қазақстанда 75 мыңға жуық нарыққа бейiмделген ауыл шаруашылық құрылымдары жұмыс iстедi, олардың 98%-ы жеке меншiкке негiзделген және де олардың қызметiнiң тиiмділігi жолсыздық салдарынан жапа шегуде. Тұтас алғанда жолдардың қанағаттанғысыз жай-күйiнiң салдарынан келген экономикалық залалды сарапшылар 1997 жылдың бағасымен 83 миллиард теңгеге бағалап отыр ("Қазақстан автомобиль жолдарының ақ кiтабы", 1997 жыл). Экономикалық шығындардан басқа жолдардың жай-күйi нашарлауының әлеуметтiк зардаптары бар. Жыл сайын жалпы пайдаланыстағы жолдарда жол-көлiк оқиғаларынан 900-ден астам адам қаза табады және 3 600-i жарақат алады. Қолайлы кiреберiс жолдары жоқ шалғай елдi мекендерден жастар ағылып кетуде және осыған байланысты кенттену тұтас проблемалар кешенiн туғызып отыр. Жолдардың нашар жай-күйі қоршаған ортаға терiс әсер ететiн зиянды заттардың атмосфераға таралуын ұлғайтады. Алдыңғы екi жылда өндiрiстiң жандануына байланысты республиканың автомобиль жолдарында көлiк ағынының артуы байқалады. Қазақстанның Экономикалық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған индикативтiк жоспарына сәйкес экономиканың 45,6%-ға өсуi болжануда. Практика көрсетiп отырғандай, өндiрiстiң 1% өсiмi тасымал көлемiнiң 1,5-1,7%-ға дейiнгi өсiмiне әсер етедi, бұл өңдейтiн салаларда, құрылыс және агроөнеркәсiп кешендерiнде шикiзат пен өнiм тасымалдарының қайталанбалылығына байланысты. Республиканың өндіргiш күштерiнiң дамуы және автокөлiк паркiнiң ұлғаюы автомобиль жолдары желісін барабар дамыту қажеттiгiн айқындайды. Бұл үшiн объективтiк алғышарттар ретiнде: 1) өңдеушi өнеркәсiп көлемiнiң, құрылыс пен ауыл шаруашылығының өсуiмен жалпы iшкi өнiмнiң өсуi; 2) жүк және жолаушы тасымалдары көлемiнiң артуы; 3) автомобиль паркiнің ұлғаюы және тұрғындардың автомобильденуi; 4) транзиттiк тасымалдарды арттырудың ықтимал мүмкiндiктерi қызмет етедi. Жолдардың жай-күйiнiң сипаттамасы Қазақстанда автомобиль жолдарының ұзақтығы 128 мың километрдi құрайды. Олардың 85,6 мың километрi - жалпы пайдаланыстағы жолдар және 42,4 мың километрi - технологиялық жолдар қызметiн атқаратын өнеркәсiп орындарына, кеніштерге, фермерлiк және орман шаруашылықтарына, басқа да өндiрiстерге кiреберiс түріндегі шаруашылық жолдар. Жалпы пайдаланыстағы автомобиль жолдары маңыздылығы жөнiнен ұзындығы 12301 километр халықаралық маңызы бар жолдар, ұзындығы 10710 километр республикалық маңызы бар жолдар, ұзындығы 62636 километр жергiлiктi маңызы бар жолдар болып бөлiнедi. Халықаралық және республикалық маңызы бар жолдар жалпы пайдаланыстағы жолдардың 27%-ын ғана құрайтынына қарамастан, оларға автокөлiк тасымалының 50%-ы тиесiлi. Республикада өзiнiң сұлбасы мен ұзындығы бойынша жалпы пайдаланыстағы жолдар желісі негiзiнен қалыптасқан. Оны толықтыру үшiн iргелес мемлекеттермен қосатын учаскелер (Бейнеу - Ақжiгiт - Нүкiс, Қызылорда - Үшқұдық - Бұхара, Ақтау - Бекдаш - Түркменбашы, Ұзынағаш - Быстровка (Кемин), сондай-ақ Ресейге шығатын бiрқатар жолдар) салу қажет. Автомобиль жолдарының техникалық жағдайы 1-кестеде көрсетiлген. Жалпы пайдаланыстағы жолдардың үлкен бөлiгi - 65% асфальтты-бетонды және қара қиыршық тасты, 29,3% - ұсақталған қиыршық тасты жолдар, бүгiнде төсемсiз, яғни топырақты күйiнде барлық желiнiң 5,3 пайызы қалып отыр. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының деңгейi орташадан бiршама жоғары - мұнда жол сiлемiнiң 91% қатты төсемдi, 7,7% қиыршық тас төсемдi және 1,3% топырақты жол үзiктерi. Халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдардың көп бөлiгi (86%) II-III техникалық санатқа жатады әрi көлiк жүретiн бөлiгiнiң енi 7-8 метр болатын екi қозғалыс жолағы бар. I техникалық санаттағы (4 қозғалыс жолағы) жолдар 685 километрдi құрайды (3,3%) - бұлар, негiзiнен, облыс орталықтары мен iрi елдi мекендерге кiреберiстер. Жалпы пайдаланыстағы жолдардың едәуiр үлкен сiлемiнiң (25087 километр) төсемi өтпелi тұрпатты, оның iшiнде 1759 километрi халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар. Жолдардың 4580 километрi төсемсiз (топырақ күйiнде), оның iшiнде 310 километрi - халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар желісінде (1, 6-қосымшалар). Аталған жол учаскелерi қозғалыс жылдамдығы бойынша да, автомобиль білігiне түсетiн салмақ бойынша да талаптарға жауап бермейдi әрi жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете алмайды. Аумақтық тұрғыда алғанда автомобиль жолдарының республиканың аймақтары бойынша тең бөлiнбеуi орын алады. Мысалы, Батыс Қазақстанның стратегиялық перспективалы аймағында (Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары) жалпы пайдаланыстағы автожолдар ұзындығы елдегi жолдардың 20%-ын құрайды. Бұл ретте аймақ жолдарының 13%-ы топырақ күйiнде, бұл орташа көрсеткiштен 2,6 есе нашар. Саланың басты техникалық проблемасы - жол төсемдерiнiң салмаққа төзiмдiлiк қабiлетiн үдемелi түрде жоғалтуы. Қазақстанда жолдардың едәуiр бөлiгi (86%) 60-80 жылдары, сол кезеңнiң нормативтiк талаптары бойынша автомобиль білігiне түсетiн салмақ 6 тоннадан аспайтын мөлшермен жобаланып салынған. Бүгiнде жүрiп өтуi үшiн төлем алынбайтын білікке түсер салмақ 10 тоннаға дейiн жеткiзiлген, бiрақ республиканың транзиттiк бағыттары бойынша осы салмақтан асатын көлiк жүредi, ал асқаны үшiн көзделген төлем жолдарға келтiрiлетiн залалды өтемейдi. Осы орайда бiрiншi кезектi мiндеттердiң қатарында республикада таяудағы бес жылға автомобиль жолдары мен көпiрлердiң техникалық мүмкiндiгiн ескере отырып, автокөлiк құралдарын өткізу үшiн шектi жол берiлетiн салмақ параметрлерiн белгiлеуге байыпты қағидат қажет. Бұл жолдардың одан әрi бүлiнуiн тоқтатуға мүмкiндiк бередi. 2001 жылдың басына (2000 жылғы күзде жолдарды техникалық тексеру) халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдардың 5348 километрi немесе 23%-ының төсемдерiнде қауiптi ақаулар бар және бұзылу сатысында тұр. (3-қосымша). 1993 жылмен салыстырғанда қозғалыс үшiн қауiптi учаскелер саны 6 еседен артық өстi, бұл да жолдардың жалпы пайдаланылу деңгейiнiң нашарлауына дәлел болады. Жалпы халықаралық және республикалық маңызы бар жол желісінде тексерiлген учаскелердiң тек 20%-ы ғана берiк және тегiс деуге болады (5-қосымша). Мұның өзi Ресейдiң федералдық жолдарындағы тиiстi көрсеткiштерден 2,5-3 есе нашар. Көпiр шаруашылығы Жалпы пайдаланыстағы автомобиль жолдарында 3099 көпiр және жалпы ұзындығы 117,6 мың текше метр жол өткелдерi бар (2-кесте), олардың 95% iргелi типтi, қалғандары ағаштан. Көпiрлердiң неғұрлым көп саны Алматы (100 километр жолға 6 көпiрден), Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстiк Қазақстан облыстарында. Тексеруден өткен халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы 947 көпiрдiң 224-i (22%) қанағаттанғысыз күйде және олардың сенiмдiлiгi 80%-ға ғана қамтамасыз етiлген. 65 көпiр жұмыс жүк көтерiмдiлiгi жобаланғаннан 50 және одан төмен пайыз апатты режимде пайдаланылады және жол берiлетiн салмақ пен габариттен асатын ауыр салмақты және iрi габариттi көлiк құралдарын өткізудiң ерекше шарттарын сақтауды талап етедi (4-қосымша). Көпiрлердiң жай-күйi 3-кестеде бейнеленген. Әдетте, қанағаттанғысыз және апатты күйдегi көпiрлер 1957- 1965 жылдары сол кезеңнiң нормативтiк талаптары бойынша салынған және өз ресурстарын түгескен. Көпiрлердiң жалпы санының 30%-ынан астамы көлiк жүретiн өтетiн бөлiктiң габаритi бойынша талаптарға сәйкес келмейдi, бұл жол жүрiсi қауiпсiздiгi шарттарын нашарлатады. Тұтас алғанда түсетiн салмақ әсерiнен және уақтылы жөндеу болмағандықтан, жыл сайын халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарда 10-15 көпiрдiң қанағаттанғысыз қалыптан апатты күйге көшу үрдiсi байқалады. Жалпы пайдаланыстағы жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарында (бұдан әрi - жергiлiктi маңызы бар автожолдар) 79 көпiр апаттылар қатарына жатқызылған және 510 көпiр габариттерге сәйкес келмейдi. Халықаралық бағыттар Алдыңғы кезеңде республикада тарихи қалыптасқан бағыттар бойынша транзиттiк әлеует қалыптасты, оның негiзiн мемлекетаралық жол қатынасында тасымалдарды қамтамасыз ететiн бiрқатар көлiк бағыттары құрайды. Бұл ретте Қазақстан үшiн екi маңызды стратегиялық мәселе шешiледi: 1) республиканың iшкiқұрлықтық мемлекет ретiнде теңiз порттарына шығуы; 2) автокөлiктi үш негiзгi бағыт бойынша транзиттiк өткізу: - Ресей, Еуропа, Балтық жағалауы елдерi; - Қытай, Жапония, Оңтүстiк Шығыс Азия елдерi; - Орта Азия, Кавказ сырты республикалары, Иран, Түркия. Осы бағыттардағы қазақстандық автожолдардың тиiстi бөлiктерi АТМЭӘК (ЭСКАТО) аясында Экономикалық ынтымақтастық ұйымдары елдерi түзетiн Азия тас жолдарына (АЛТИД жобасы); ТРАСЕКА жобасына (Еуропалық Одақ), сондай-ақ тiзбесi үкiметаралық келісіммен (1998 жылғы 11 қыркүйектегi хаттама) бекітілген ТМД-ға қатысушы елдердiң халықаралық автомобиль жолдарының желісіне (4-кесте) құрамдас бөлiм болып кiрдi. Сонымен, Қазақстанның автожолдар желісі көптеген мемлекеттерге, iрi порттарға, көлiк тораптарына және терминалдарға шығатын автомобиль жолдарының Еуропалық және Азиялық қосалқы аймақтық жүйесiне шоғырланған. Қазақстанда осы жолдардың жалпы ұзақтығы 12,3 мың километр (7-қосымша). Қазақстанның транзиттiк бағыттары көбiнде магистральды жолдарға қойылатын талаптарға жауап бермейдi (бөлу және өтпежылдамдық жолақтарының болмауы, түрлi деңгейлердегi көлiк айрықтарының аздығы, кедергi қоршаулармен, жол таңбаларымен, жарықпен, жол сервисi объектiлерiмен қамтамасыз етiлуiнiң жеткiлiксiздiгi). Олардың техникалық жай-күйi 5-кестеде келтiрiлген. Жолдар сiлемiнiң 5%-ы ғана бiрiншi техникалық санатта, қалған бөлiгi (87%) - бұл ІІ және IІІ санаттағы жолдар, бұған қоса жолдардың 402 километрдей учаскелерi топырақ күйiнде және 770 километрi ұсақталған қиыршық тасты төсемдi. Қазiргi кезде және орта мерзiмдi перспективада халықаралық тасымалдар алты негiзгi бағытта жүзеге асырылады: 1) Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас; 2) Шымкент - Қызылорда - Ақтөбе - Орал - Самара; 3) Алматы - Қарағанды - Астана - Петропавл; 4) Астрахань - Атырау - Ақтау - Түркменстан шекарасы; 5) Омбы - Павлодар - Семей - Майқапшағай; 6) Астана - Қостанай - Челябi - Екатеринбург. Транзиттiк тасымалдар негiзiнен Орта Азия республикалары, Ресей, Қытай арасында жүредi. Жоғарыда көрсетiлген негiзгi алты бағыттың ұзақтығы 8,3 мың километрдi немесе транзиттi дәлiздердiң жалпы ұзындығының 67%-ын құрайды. Жол сiлемiнiң көпшілік бөлiгiнде (94%) асфальтбетонды және қара қиыршық тасты төсем бар, топырақты жол үзiктерi бiр бағытта ғана (төртiншiде). Алайда техникалық-пайдалану сипаттамалары (тегiстiк және мықтылық) бағыттардың көпшілiк бөлiгiнде қанағаттанғысыз, бұл 6-кестеден көрiнедi. Алты бағыттағы 443 көпiрдiң 38 көпiрi (4906 қума метр) ауыр салмақты және iрi ауқымды көлiк құралдарын өткізудiң айрықша режимiнде, соның iшiнде Талас, Ассы, Бадан, Елек, Ырғыз, Жайық өзендерi арқылы өтетiн көпiрлер де апатты және апат алдындағы күйде. Жол бойындағы инфрақұрылым объектілерiнiң (техникалық қызмет көрсету станциялары, автомобильге май құю, тамақтанатын және демалатын орындар) деңгейi өте төмен, мұның өзi тасымалдаушылардың, жолаушылар мен автосаяхатшылардың еңбек етуi мен демалуының қалыпты режимiн жасауға септiгiн тигiзбейдi. Автокөлiктерге сапалы жанармай құйыларына да кепілдiк жоқ. Нәтижесiнде қазақстандық бағыттың неғұрлым қысқасының өзi шетел автотасымалдаушысын әдеттегi бағыттардан қазақстандыққа тартуда шешушi фактор болмайды, ал бағыттардың жай-күйiнiң нашарлауына байланысты керi үрдiстiң барын тiлге тиек етуге болады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |