Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың кейбір мәселелері туралы (2011.21.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысымен күші жойылды
Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың сот практикасын қорытудың нәтижелерін талқылай келіп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы соттардың жазаның осы түрін қолдану кезінде елеулі қателіктерге жол беріп отырғанын атап көрсетеді. Соттар ҚК-нің 52-бабында белгіленген жаза тағайындаудың жалпы негіздерін әрдайым сақтай бермейді, мұның өзі жеке басына сай әділ жаза тағайындау принципінің бұзылуына әкеп соғады. Жеңілірек басқа жаза қолдану үшін негіздер бола тұра, бас бостандығынан айыруды негізсіз тағайындауға жол беріледі. Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған не бірнеше рет сотталған және қоғам үшін аса қауіпті адамдарға жөнсіз жеңіл жаза қолдану жағдайлары да орын алып отыр. Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау кезінде сот практикасында пайда болатын мәселелерді дұрыс және бірыңғай шешуді қамтамасыз ету мақсатында жалпы отырыс қаулы етеді: 1. Шектен тыс қатаң не жеңіл жаза тағайындаудың салдары әділетсіздікке соқтырып, жазаның мақсатына қол жеткізуге ықпал етпейтіні еске алына отырып, соттардың назары әрбір қылмыстық іс бойынша ҚК-нің 52-бабында белгіленген жаза тағайындаудың жалпы негіздерін мүлтіксіз сақтаудың қажеттілігіне аударылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|