Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi Қазақстан халқының еркiн бiлдiре отырып, Адам хұқыларының жалпыға бiрдей Декларациясында, халықаралық хұқтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында баянды етілген жеке адамның хұқылары мен бостандықтарының үстемдігін мойындай отырып, қазақ ұлтының өзiн-өзi билеу хұқын растай отырып, азаматтық қоғам және хұқылық мемлекет құруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып, бейбітшiлiк сүйгiш сыртқы саясат жүргiзе отырып, ядролық қаруды таратпау принципi мен қарусыздану процесіне адалдығын мәлiмдей отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсiздiгiн салтанатты түрде жариялайды. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ - ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ 1-бап. Қазақстан Республикасы - тәуелсіз, демократиялық және хұқылық мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленедi, өзiнiң iшкi және сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүргiзедi. 2-бап. Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық хұқ принциптерi бойынша құрады. 3-бап. Өзiнiң мемлекеттік тәуелсiздiгiн басқа мемлекеттер тануы үшiн Қазақстан Республикасы ашық. 4-бап. Қазақстан Республикасының бүкiл территориясында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, сондай-ақ ол таныған халықаралық хұқ нормалары қолданылады. 5-бап. Қазақстан Республикасының территориясы қазіргі шекараларында бiртұтас, бөлiнбейтiн және қол сұғуға болмайтын территория болып табылады. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛҚЫМЕН АЗАМАТЫ
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|