|
|
|
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 07.08.96 ж. № 983 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қоғамның әлеуметтiк-экономикалық және мәденидамуына өз қызметiмен елеулi үлес қосып жүрген жас дарындар мен шығармашыл және ғылымдағы талантты жастардың, өндiрiс пен басқа да салалар өкiлдерiнiң сiңiрген ерекше еңбегiн бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығы тағайындалсын. 2. "Дарын"Мемлекеттік сыйлығы туралы және оны беру жөніндегі Комитет туралы ережелер бекітілсiн. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік бюджетте ақшалай сыйлықты төлеуге қажеттi қаржы бөлудi көздесiн. 4. "Дарын"Мемлекеттік жастар сыйлығы жөніндегі Комитеттiң адам құрамы бекітілсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 11 тамыздағы № 666 қаулысымен Бекiтiлген "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығы туралы Е Р Е Ж Е 1. "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығы (бұдан былай "Дарын" сыйлығы делiнедi) шығармашылықтағы, ғылымдағы, өндiрiстегi және еңбек қызметiнiң басқа да салаларындағы елеулi еңбегi үшiн, материалдық және рухани мәдениеттi жасағаны және ұлғайтқаны үшiн, республикамыздың әлеуметтiк-экономикалық базасын нығайту iсiне қосқан үлесi үшiн 30-ға толмаған жас адамдарға берiледi. 2. "Дарын" сыйлығы 2 жылда бiр рет 5 сыйлық мөлшерiнде берiледi. Сыйлықтың мөлшерi - әрқайсысы 40 мың сомнан. Жеке адамдарға немесе заңды ұйымдарға "Дарын" сыйлығы екi рет берiлмейдi. 3. "Дарын" сыйлығына жұмыстарды министрлiктер, ведомстволар, шығармашылық одақтар, ғылыми мекемелер, еңбек ұжымдары мен қоғамдық ұйымдар, газет және журнал редакциялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасына елеулi еңбек сiңiрген жеке адамдар ұсынады. 4. "Дарын" сыйлығына қызметi қоғамда танылған әрi әлеуметтiк-қоғамдық маңызға ие болған жекелеген шығармашылық және еңбек ұжымдары, адамдар ұсыныла алады. Республиканың әлеуметтiк-экономикалық және мәдени дамуына аса зор еңбек сiңiрген Қазақстанның азаматтары емес адамдар да үмiткер бола алады. 5. "Дарын" сыйлығына ұсынылған жұмыстарды конкурс шарттары баспасөз бетiнде жарияланғаннан кейiн "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығы жөніндегі Комитет жыл сайын 1 қыркүйекке дейiн қабылдайды. Үмiткер жөнiнде: ұсыныс-кепiлдеме; ұсынып отырған ұйымның немесе жеке адамдардың шешiмi. жеке басының парағы, 4х6 көлемдi 2 фотосурет табыс етiледi. "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығы жөніндегі Комитет үмiткердiң өндiрiстiк, шығармашылық қызметiн сипаттайтын басқа да материалдарды қосымша сұратып алуы мүмкiн. 6. Қоғамдық пiкiрдi кеңiнен зерделеу мақсатында "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығы жөніндегі Комитет қарауға қабылдап алған жұмыстардың тiзiмi авторлары мен оларды ұсынған ұйымдар көрсетіліп, жұмыстар қабылданып болғаннан кейiн баспасөз бетiнде жарияланады. Әрбiр жұмыс сарапшылық бағалаудан өткiзiледi. Жұмысты бағалағанда қоғамдық пiкiр, баспасөз беттеріндегі рецензиялар, шығармашылық одақтардың, көркем және редакциялық-баспа кеңестерiнiң, еңбек ұжымдарының және қоғамдық ұйымдарының пiкiрлерi ескерiледi. Неғұрлым лайықты жұмыстар талқыланып, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығын беруге ұсынылады. Кино, телефильмдер бағдарламаларын көрсетудi, бейнелеу өнерiнiң көрмелерiн, спектакльдер көрсетудi, концерттер тыңдауды ұйымдастыру, сонымен бiрге басқа жұмыстарға сарапшылық баға беру "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығы жөніндегі Комитетке жүктеледi. 7. "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығын беру туралы шешiм Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығы жөніндегі Комитеттiң мәжілісiнде жасырын дауыс беру арқылы көпшiлiк дауыспен қабылданады. 8. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығын беру туралы Комитеттiң шешiмi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне сыйлық берiлетiн жылы 1 желтоқсанға дейiн тапсырылады. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығын беру туралы қаулысы жыл сайын Қазақстан Республикасы Күнiне орай баспасөзде жарияланады. 9. "Дарын" сыйлығына ие болған адамдарға "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты" атағы берiледi, куәлiгi, кеудеге тағатын белгiсi және ақшалай сыйлық тапсырылады. 10. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығын авторлардың немесе орындаушылардың ұжымына бергенде ақшалай сыйлық олардың арасында тең бөлiнедi. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 11 тамыздағы № 666 қаулысымен Бекiтiлген "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығы жөніндегі комитет туралы Е Р Е Ж Е 1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығы жөніндегі комитетi (бұдан былай Комитет делiнедi) мемлекеттік-қоғамдық ұйым болып табылады, ол шығармашылық одақтардың, ғылыми және мәдени мекемелердiң, еңбек ұжымдары мен қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары ескерiле отырып, әдебиет пен өнердiң неғұрлым дарынды шеберлерiнен, жетекшi ғалымдардан, өндiрiстiк және техникалық интеллигенция өкiлдерiнен 3 жыл мерзiмге құрылады. Комитеттiң сандық құрамы 25 адамнан аспауға тиiс. 2. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес: сыйлыққа ұсынылған жұмыстарды қабылдайды, құжаттар негiзiнде ұсыну тәртібінiң дәл сақталуын белгiлейдi, жұмыстардың авторлары мен ұсынған ұйымдар көрсетiлген тiзiмдi баспасөзде жариялайды; конкурсқа қатыстыру үшiн неғұрлым лайықты жұмыстарды iрiктеп алып, баспасөзде жариялайды; жiберiлген жұмыстарды кеңiнен талқылау негiзiнде қарап, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығы лауреаттары атағын беру туралы шешiм қабылдайды. 3. Комитеттiң: келiп түскен жұмыстар мен материалдарды алдын-ала қарау үшiн секциялар мен сараптау комиссияларын құруға; комиссия мүшелерi мен сарапшыларды жұмыспен танысу үшiн жер-жерге жiберуге; жұмыстарды қаратып алу үшiн шығармашылық одақтарға Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы құрылымының мекемелерiне, мәдениет және білім беру мекемелерiне, сондай-ақ жетекшi мамандарға өтiнiш жасауға хұқы бар. 4. Комитет мәжілісi оның құрамының кемiнде үштен екiсi қатысқанда өкiлеттi деп саналады. Қазақстан РЕспубликасы Министрлер Кабинетінің "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығын беру туралы Комитеттiң шешiмiн Комитет жасырын дауыс беру арқылы қатысушылар санының (кемiнде төрттен үшiнiң) дауысы артық болған жағдайда қабылдайды. 5. "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығын алуға Комитет мүшесiнiң жұмысы ұсынылып отырған жағдайда, оның авторы сол жылдың сыйлықтарын алуға ұсынылған шығармаларды қарайтын Комитеттiң секциялары мен мәжілістерiнiң жұмысына қатыспайтын болады. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 11 тамыздағы № 666 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Дарын"Мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комитеттiң Қ Ұ Р А М Ы Жүкеев Т.Т. - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары (төраға) Тасмағамбетов И.Н. - Қазақстан Республикасының Жастар iстерi жөніндегі мемлекеттік комитеттiң төрағасы (төрағаның орынбасары) Бекмахамбетов А.Қ. - Қазақстан Республикасының Жастар iстерi жөніндегі мемлекеттік комитеттiң мәдениет және білім бөлiмiнiң бастығы (жауапты хатшы) Ғылым, білім, спорт пен техника секциясы Әубәкiров Т.О. - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бiрiншi орынбасары, ұшқыш-ғарышкер Ахметов Ә.Қ. - Алматы шетел тiлдерi институтының ректоры, филология ғылымының кандидаты Бәйменов Ә.М. - Жезқазған облысы әкімінiң орынбасары, техника ғылымының кандидаты Досымбетов Т.Қ. - Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетiнiң вице-президентi Жұмадiлдаев А.С. - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының теориялық және қолданбалы математика институты лабораториясының меңгерушiсi, физика-математика ғылымының докторы Зайцева А.М. - АММК акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Кузнецов А.Ю. - "Контакт" ғылыми-техникалық жастар орталығының директоры, философия ғылымының кандидаты Орынбеков М.С. - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының философия және хұқық институты бөлiмiнiң меңгерушiсi, философия ғылымының докторы Уваров В.Н. - ҚазДМИ-дiң кафедра меңгерушiсi, заң ғылымының докторы Халманов К. - ҚарПТИ-дiң кафедра профессоры, техника ғылымының докторы Шабельников В.К. - Абай атындағы ҚазМПУ-дың кафедра меңгерушiсi, психология ғылымының докторы Мәдениет, әдебиет, сәулет және өнер секциясы Бейсенбаев Ж. - журналист, "Ана тілі" газетiнiң бас редакторы Долматова Н.В. - М. Ю. Лермонтов атындағы республикалық академиялық орыс драма театрының актрисасы Жолжақсынов Д. - актер, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген артисi, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты Исабеков Д. - жазушы, Қазақ теледидарының бас директоры Қасейiнов Д.К. - Алматы мемлекеттік консерваториясының ректоры, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген қайраткерi Монтахаев Қ. - сәулетшi, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Серiкқалиев З. - әдебиет сыншысы Теменов Т. - кинорежиссер, Қазақстан кинематографистер одағының хатшысы Төлепбаев Е.Т. - кескiншi, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген өнер қайраткерi Омаров Н.С. - Қазақстан Жастар одағының бiрiншi хатшысы Шаханов М. - ақын, Қазақстан Республикасының халық депутаты, "Жалын" журналының бас редакторы Ескерту. Комитеттiң құрамына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРКМ-нiң 16.05.1994 ж. № 525 қаулысымен.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |