|
|
|
Юнеско iстерi жөніндегі Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 07.08.00 ж. № 1210 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң ЮНЕСКО iстерi жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясын құру туралы ұсынысы мақұлдансын. 2. ЮНЕСКО iстерi жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясының Ережесi (қоса берiлiп отыр) бекітілсiн. 3. ЮНЕСКО iстерi жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсiн. 4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне ЮНЕСКО iстерi жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясының қызметiн үйлестiру жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 желтоқсандағы № 1077 қаулысымен Бекiтiлген ЮНЕСКО iстерi жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы туралы Ереже ЮНЕСКО iстерi жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы (бұдан былай Комиссия) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі жанынан құрылады. Ұлттық комиссия туралы Ереже мен оның құрамын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi. ЮНЕСКО iстерi жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы өзiнiң жұмысын Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендiк туралы Декларациясы, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы мен ЮНЕСКО-ның жарғылық ережелерi негiзiнде құрады. Ұлттық комиссия құзырының негiзгi салалары: - сан-салалы білім беру; - әлеуметтiк, қоғамдық, жаратылыс тану ғылымдары; - мәдениет және халықаралық мәдени ынтымақтастық; - бұқаралық ақпарат және қатынас болып табылады. ЮНЕСКО iстерi жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясына мынадай негiзгi қызметтер жүктеледi: - ЮНЕСКО-ның Хатшылығына және оның аймақтық бөлiмшелерiне Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, ведомстволарының, ұйымдары мен мамандарының ЮНЕСКО шаралары мен жобаларына қатысуы туралы ұсыныстарын дайындау және енгізу; - ЮНЕСКО Хатшылығымен, оның аймақтық өкiлдiктерiмен шет елдердiң ұлттық ұйымдарымен әртүрлi нысандар мен байланыстарды қалыптастыру және дамыту жөніндегі ЮНЕСКО-ның Ұлттық комиссияларымен жүйелi консультациялар өткізу; - Республика аумағында және одан тысқары жерлерде ЮНЕСКО шараларын дайындау мен өткізуге ат салысу; - Республика Үкіметінiң келісімiмен республиканың ұйымдары мен мекемелерi және ЮНЕСКО-ның аймақтық бөлiмшелерi, басқа халықаралық және үкiметтiк емес ұйымдары, ЮНЕСКО iстерi жөніндегі Ұлттық комиссиялары арасындағы келісім мен шарттардың жобаларын дайындауға ықпал ету; - ЮНЕСКО Хатшылығы мен оның аймақтық бөлiмшелерiнде жұмыс iстеу үшiн Республиканың мамандары тобын жасақтау. Комиссия құрамы Комиссия Төраға, бiрiншi орынбасары, жауапты хатшысы, қызмет бағыттары бойынша орынбасарлары, министрлiктер, ведомстволар, ұйымдар мен мекемелердiң, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi, сондай-ақ ғылым, мәдениет және білім беру салаларының көрнектi өкiлдерiнен құралады. Комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің бекiтуiне жатады. Ұлттық комиссия Төрағасы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнде бекітіледi. Комиссия жұмысын ұйымдастыру принциптерi Комиссия толық құрамда жылына бiр рет мәжіліс өткiзедi. Мәжіліс кезiнде Төрағаның бiрiншi орынбасары мен жауапты хатшының комиссия жұмысшы органдарының өткен уақыт iшіндегі қызметi туралы, оның жеке комитеттерiнiң (комиссияларының) жұмысы туралы есептерi, Комиссияның қызметiн дамыту перспективасы талқыланады және оның хатшылығы, жұмысшы органдары мен комиссияларының алдағы кезеңдегi қызметiнiң бағдарламасы (жоспары) бекітіледi. Комиссияның мәжілістерi аралығындағы кезеңде оның жұмысын бюро басқарады. Бюро қажетiне қарай, тоқсанына кем дегенде бiр рет жиналады. Ұлттық комиссия шеңберiнде әр түрлi проблемалық бағыттар бойынша комиссиялар құрыла алады. Комиссияны Комиссия Төрағасының бағыттар жөніндегі және бюро алдында есеп беретiн орынбасарлары басқарады. Жауапты хатшы басқаратын Хатшылық Комиссияның жұмысшы органы болып табылады. Хатшылыққа мынадай қызметтер: - ЮНЕСКО Хатшылығымен, оның аймақтық бөлiмшелерiмен, ЮНЕСКО тарапынан консультациялық мәртебесi бар үкiметтiк емес ұйымдарымен, ЮНЕСКО-ға қатысушы елдердiң жеке ұлттық комиссияларымен, сондай-ақ ЮНЕСКО iстерi жөніндегі ТМД республикаларының ұйымдарымен тұрақты байланыс ұстау; - Комиссияның және оның бюросының мәжілістерiне материалдар дайындау; - Комиссия жұмысының, оның жұмысшы органдарының жоспарларын әзiрлеудi қамтамасыз ету және оның орындалуын қадағалау; - ЮНЕСКО басылымдарында жариялауға материалдар дайындауға көмек көрсету және жарыққа шығуын тездету, ЮНЕСКО-ның ақпараттық материалдары мен басылымдарын мүдделi ұйымдарға тарату; - ЮНЕСКО-ның аясында өткiзiлетiн халықаралық шараларды дайындайтын және өткiзетiн атқарушы ұйымдарға көмектесу; - атқарушы ұйымдардың ұсыныстары негiзiнде мақсаттық бағдарламаларды дайындау және оларды ЮНЕСКО Хатшылығы мен оның аймақтық бөлiмшелерiне енгізу; - республиканың қалың жұртшылығын ЮНЕСКО қызметiмен және оның қызметiне Қазақстан Республикасы мен басқа да ТМД республикаларының қатысуы туралы тұрақты таныстырып отыру; - Қазақстан Республикасында және ЮНЕСКО Хатшылығы мен оның аймақтық бөлiмшелерiнде сарапшы ретiнде қызмет iстеу үшiн республика мамандарын бiрiктiру және жөнелту жүктеледi. Республика үкіметінiң шешiмiмен ЮНЕСКО аясында өткiзiлетiн халықаралық шараларды қаржыландыру осы шараларды дайындауға және өткізуге қатысушы ұйымдардан және демеушiлiк жарналардан түсетiн және мемлекеттік қаржы есебiнен жүзеге асырылады. Ақша қаражатын жұмсау ЮНЕСКО iстерi жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы Төрағасының немесе оның тапсыруымен жауапты хатшының билiгiнде болады. ЮНЕСКО iстерi жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясының Төрағасы жауапты хатшымен бiрге комиссиядағы ақша қаражатын пайдалану мәселелерi жөнiнде Комиссия мәжілісiнде тұрақты есеп бередi. Комиссияның ақша қаражатының дұрыс пайдаланылуын заң жүзiнде өкiлдiк берiлген органдар тексередi. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 желтоқсандағы № 1077 қаулысына Қосымша ЮНЕСКО iстерi жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясының ҚҰРАМЫ Жолдасбеков Мырзатай - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары, Комиссия Төрағасы Тоқаев Қасымжомарт - Қазақстан Республикасы Сыртқы Кемелұлы iстер министрiнiң орынбасары, Төрағаның бiрiншi орынбасары Әбдiрахманов Серiк - халықаралық экологиялық "Елiмай" қорының президентi Атрушкевич Павел - Қазақтың мемлекеттік сәулет-құрылыс Александрович академиясының ректоры. Қазақстан Республикасының халық депутаты, Төрағаның орынбасары Ахметов Әдiл - Алматы шетел тiлдерi педагогика Құрманжанұлы институтының ректоры, филология ғылымының кандидаты Жағанова Алтыншаш - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Қайыржанқызы Кеңесiнiң Әйелдер, отбасын сақтау, ана мен бала iстерi жөніндегі комитетiнiң төрағасы Исағалиев Қайрат - Қазақстан Республикасы Сыртқыiсминiнiң мәдени және мархабаттылық ынтымақтастық бөлiмiнiң меңгерушiсi Қалиев Жекен - Қазақстанның сыртқы саясат ассоциациясының президентi, Республикалық "Кiтап" қоғамының бiрiншi орынбасары, Қазақстан Республикасының халық депутаты Қонақбаев Асылбек - Қазақстан Қызыл Жарты Ай және Өнербекұлы Қызыл Крест қоғамының төрағасы Қожамьяров Құддыс - композитор, Қазақстан Республикасының халық артисi Нәрiбаев Көпжасар - Қазақтың Мемлекеттік Әл-Фараби атындағы университетiнiң ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Мағауин Мұхтар - жазушы Сәбденов Оразалы - Қазақстан Республикасының халық депутаты, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ғылым және халыққа білім берудi дамыту мәселелерi жөніндегі комитетiнiң төрағасы, Төрағаның орынбасары Сәрсенбаев Алтынбек - Қазақстан Республикасы Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Iшкi саясат бөлiмiнiң меңгерушiсi Сығаев Әшiрбек - Қазақстан Республикасы Мәдениет Төребайұлы министрiнiң бiрiншi орынбасары Төрағаның орынбасары Сұлтанов Қуаныш - Қазақстан Республикасының Баспа және бұқаралық ақпарат министрi, Төрағаның орынбасары Тәжин Марат - Қазақстан Республикасы Президентi Мұхаметқазыұлы мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Iшкi саясат бөлiмi меңгерушiсiнiң бiрiншi орынбасары Щеголихин Иван - Қазақстан Республикасының халық Павлович жазушысы Хан Гурий - Қазақтың менеджмент, экономика Борисович және болжамдау институты саясаттану және әлемдiк саясат кафедрасының меңгерушiсi ЮНЕСКО iстерi жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясының БЮРОСЫ Жолдасбеков Мырзатай - Комиссия төрағасы Тоқаев Қасымжомарт - Төрағаның бiрiншi орынбасары Кемелұлы Атрушкевич Павел - Төрағаның орынбасары, білім беру Александрович жөніндегі сектор меңгерушiсi Сабденов Оразалы - Төрағаның орынбасары, ғылым жөніндегі сектор меңгерушiсi Сығаев Әшiрбек - Төрағаның орынбасары, мәдениет Төребайұлы жөніндегі сектор меңгерушiсi Султанов Қуаныш - Төрағаның орынбасары, баспа және ақпарат жөніндегі сектор меңгерушiсi Исағалиев Қайрат - жауапты хатшы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |