|
|
|
Кеден Ынтымақтастығы Кеңесiне жыл сайын мүшелiк жарна енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 сәуірдегі № 357 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының Кеден Ынтымақтастығы Кеңесiне мүше болып қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Кеден Ынтымақтастығы Кеңесiне мүшелiгi үшiн жарна төлеуге арнап жыл сайын республикалық бюджетте қажеттi қаржы бөлiнуiн көздейтiн болсын. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ұлттық банкпен бiрлесiп 1992-1993 қаржы жылдары үшiн Кеден Ынтымақтастығы Кеңесiнiң Брюссель қаласындағы (Бельгия) Бас банктегi № 210-0475126-72 шотына 1572500 бельгия франкi мөлшерiнде мүшелiк жарна аударылуын қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |