|
|
|
Уран өнiмi экспортына кеден баж салығының ставкасын өзгерту туралы Уран өндiрiсiне қолдау көрсету және оны өндiру мен ұқсату жөніндегі кәсiпорындарда айлық ақы деңгейiн сақтау мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының кеден тарифi туралы" 1993 жылғы 9 наурыздағы № 1154 Жарлығының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Уран өнiмi экспортына кеден баж салығының ставкасы кедендiк құнының 2 процентi мөлшерiнде белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |